Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Знаешь ли ты?

Мұны білген жөн
1. Бүйелер екі жарым жыл қоректенбестен өмір сүре алады.
2. Макак-резус деп аталатын маймыл тұқымдастарға биологиялық зерттеулер жүргізгенде «резус-фактор» деген ұғым пайда болды.
3. Інжулер сірке суында ериді.
4. 1971 жылы Жапонияның Исигаки аралында болған биіктігі 85 метрге жеткен толқын – дүние жүзіндегі ең үлкен толқын болып табылады.
5. 1 кг лимонда 1 кг құлпынайдан да артық шекер бар.
6. Эйфель мұнарасының төбесіне шығу үшін 1792 баспалдақтан өту керек.
7. Польшаның астанасы – Варшава  қаласын «Шығыс Париж» деп те атайды. Бұл Еуропаның ең әдемі қалаларының бірі.
8. Ішектерімізде 400 ден аса бактериялар бар. Бұл бактериялардың ішектеріміздегі саны жасушаларымыздың санынан да көп.
9. Эдисон электр шамына қажетті материалды табуы үшін 3000 рет тәжірибе жасаған.
10. Шалғынды қасқырлардың (койот) ең сүйікті тағамы – қауын.
11. Темекінің құрамындағы шайырлы (смола) затқа жасалған тәжірибенің нәтижесінде тышқанның арқасына жағылған жерден қатерлі ісік пайда болған.
12. Әлемдегі ең биік сарқырама – Анхель сарқырамасы тек қана ХХ ғ. ашылған. 1935 жылы сарқырамадан ұшып өткен Эйнджел Джеймс (ағылш. Ангел) ұшқыш атымен аталған.
13. Ресейдің төрттен бір бөлігін орманды алқап алып жатыр. Бұл алқап Түркияның жер көлеміне тең.
14. Гавай әліппесінде 12 әріп бар.
15. Футболшы бір ойында шамамен 11 шақырым жүгіреді. 
16. Ал ұзын кенгуру бір секіргенде он метрді артқа тастайтын көрінеді.
17. Қазіргі кезде өзіміз қолданып жүр­ген қаламсап 1945 жылдан бастап сау­даға түсіпті. Сол кезде оның құны - 12 АҚШ долларына тең келіпті.
18. Жақсы қаламсаппен 50 мың сөз­ге дейін жазуға болады екен.
19. Америкалық Джон Уинтроп 1630 жылдың 25 маусымында, түскі астың ке­зінде тұңғыш рет шанышқыны пай­да­ланыпты. 
20. Ең алғашқы граммофон плас­тин­касына Лайош Кошутаның дауысы жа­зылыпты. Бұл оқиға 1890 жылы тір­келген.
21. Напалеонның шәй кеселерінің бі­рі атақты италиялық содыр Калиос­т­ро­ның бас сүйегінен жасалыныпты.
22. «Роллс-Ройс» көлігінің бампе­рін­дегі мү­сін­шенің құны 5000 АҚШ дол­ларына тең екен. 
23. Британияның империялық тә­жін­­де тура 1783 жақұт бар екен, ал оның ішіндегі ең әйгілісі - «Африка Жұл­дызының» салмағы 309 каратты құ­рай­ды.
24. Джон Кеннедидің тербеліп тұра­тын креслосы аукцион арқылы 442 мың АҚШ долларына сатылыпты.
25. Ежелгі Қытайда балалары ата-ана­сының туған күніне табыт сыйлаған екен. Бұл ең күшті сыйлық саналып­ты.
26. Ал Персияда жас жұбайлар­дың тойына міндетті түрде шахмат сыйлау дәстүрі болған екен.
27. Қытайдың кейбір жазу машин­ка­ларында 5700 белгі бар. Оның кла­виа­турасының ені бір метрге жуық­тай­ды, сол себепті ең шебер деген қаріп теру­шінің өзі минутына ары кетсе, 11 сөз ғана жаза алады екен.
28. 1 долларлық купюрадан тұратын 1 миллион доллардың салмағы шамамен 1 тоннаға тең. Ал оны бір-бірінің үстіне жина­са, биіктігі 100 метрге жуықтай­ды.
29. Бір текшеметр ағаштан жарты мил­лион тіс шұқығыш жасауға бола­ды.
30. Хамелеонның тілі денесінен екі есеге ұзын.
31. Қолтырауындар судың түбіне те­реңірек бойлау үшін тас жұтып алады екен.
32.Коала аюы тәулігіне 18-22 сағат ұйықтайды және тамаша жүзе біледі екен.
33. Бактериялардың бір пайызы ға­на ауру әкеледі.
34. Ал ақ киттің жүрегінің үлкендігі жеңіл көлікпен бірдей.
25. Елікті аңшыларға қарағанда, кө­лік жүргізушілері көп өлтіреді екен.
26. Африка пілі әлі күнге дейін қол­ға үйретілмей келеді. Тек Үндістандағы піл­дер ғана адамның ырқына бағын­ған.
27. Егеуқұйрық бес қабатты үйдің тө­бесінен құласа да аман қалады екен.
28. Түйеге қарағанда, керік шөлге шы­дамды келеді.
29. Кірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғады.
30. Көртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады.
31. Акула - бір мезгілде екі көзін бір­дей жұма алатын жалғыз балық. Ол сон­дай-ақ судың 100 миллион бө­лі­гін­де­гі қанның иісін сезе біледі екен.
32. Ит онға жуық, мысық жүзден ас­там дыбыс түрін шығара алады.
33. Дельфиндер бір көзін ашып ұйық­тайды.
34. Мұнайдың бір ғана тамшысы 25 литр суды ішуге жарамсыз етеді.
35. Пошта қызметі тегін көрсетілетін әлемдегі жалғыз мемлекет - Андорра.
36. Саусақтың ізі сияқты тілдің ізі де қайталанбайтын бірегей болады екен.
37. Ертедегі қытай ойшылдарының пікірінше, ұйықтаған кезде әулиелер ар­қасымен, күнәһарлар - ішімен, пат­шалар - оң жағымен, данышпандар - сол жағымен жатқан.
38. Бір жылда 31 557 600 секунд бар екен.
39. 100 жасқа дейін жеткен әр бес адам­ның төртеуі әйелдер.
40. Әр секунд сайын жердің бетінде 200-ден астам найзағай жарқыл­дай­ды.
41. Бір ғана Мәскеуде 100 мыңнан ас­там Ивановтар әулеті бар.
42. Ақысы төленетін ең ұзақ еңбек демалысы Финляндияда тіркелген. Осы елдің еңбеккерлері 9 апта бойы де­малады. Одан соңғы орында немістер (8 апта), австриялықтар, испандар, пор­тугалдардың еңбек демалысы 36 күн­ге созылады.
43. Гонконг тұрғындарының 64 пайы­зы дінге еш қызықпайды екен. Ал Че­хия халқының 55 пайызы, оңтүс­тік­ко­реялықтардың 46 пайызы атеистер кө­рі­неді. Дінге құлай берілу жөнінен Ба­тыс Африка тұрғындарына тең келер еш­кім жоқ. Олардың 99 пайызы дінге се­неді екен.
44. БҰҰ келтірген деректерге сен­сек, жер бетінде күн сайын 250 сәби өмір есігін ашады. Яғни әр секунд сайын үш баладан дүниеге келеді.
45. Әлем бойынша, күніне 4,5 мил­лиард тонна бензин жағылады.
46. Қытайдағы 90 миллион адамның тегі Ли екен.
47. Грекия әнұранының 158 нұсқасы бар, осы елдің бірде-бір тұрғыны оның барлығын бірдей білмейді.
48. Грекияда дүйсенбі күні аң аулауға тыйым салынған.
49. Португалияда күн райы қолайсыз бол­са, жұмысқа шықпай-ақ қоюға рұқ­сат.
50. Швецияда ит асыраушылар өз се­рігінің бойының ұзын-қысқалығына қарай салық төлейді. 
51. Вашингтонның мэрі - АҚШ пре­зиденті.
52. 1603 жылы Жапонияда импе­ра­тор бұйрығымен жүзу міндетті оқу пәні бо­лып белгіленді.
53. Науру - ресми астанасы жоқ әлем­­дегі жалғыз мемлекет.
54. Ресей мемлекетінің ең бірінші ас­та­насы - Ладога.
55. 1979 жылдың 18 ақпанында Аф­ри­кадағы Сахара шөлінде қар жауып­ты.
56. Куба - Кариб аралдары елдерінің ішіндегі темір жолы бар жалғыз ел.
57. Егер Жер өз осінен кері айналған бол­са, онда жылдың тәулігі екі есеге азаяр еді.
58. Сағатына 60 мильдік жылдам­дық­пен жүретін автокөлікке бізге ең жа­қын орналасқан планеталардың бі­рі­не жету үшін 48 миллион жыл қажет екен.
59. Соңғы 500 жылда ғарыштық зат­тардың қалдықтары себебінен Жердің сал­мағы миллиард тоннаға ауырлаған.

60. Әтеш алдымен мойнын созбай ша­қы­ра алмайды екен.

61. Ең алғаш «SOS» дабылы әйгілі «Ти­та­ник» кемесінде қолданылыпты.

62. Жағымды затты көргенде адам­ның қарашығы 45 пайызға дейін ұлғая­ды екен.

63. Қыздарға құлаққағыс - пияз ту­рау барысында көз ашымас үшін сағыз шай­наған жөн екен.

64. Бал асқазанда неге тез қоры­тыла­ды? Өйткені оны аралар қорытып үл­герген.

65. Адам күніне орта есеппен 13 рет кү­летін көрінеді.

66. Жарты кг бал алу үшін аралар 2 млн-нан аса гүлді өсімдіктер шырынын өңдеуі қажет.

67. Егер тіліңіздің түсі күлгін болса, ол «таза» деген сөз, ағарып тұрса, бак­терия қабаты түзілгендігінің белгісі.

68. Адам түшкірген сайын мидағы жа­су­шалардың бөлігі азая түседі.

69. Адамның сол жақ өкпесі оң жақ­тағымен салыстырғанда кішірек келеді. Соның арқасында жүрекке орын тиеді екен.

70. Әйгілі Харлей Девидсон мото­циклі 1903 жылы құрастырылып, оның кар­бюраторы томат банкісінен жа­салыныпты.

71. Атышулы «Титаник» кемесін құ­рас­тыруға 7 миллион АҚШ доллары кет­кен екен. Ал ол туралы фильмді тү­сіру­ге 200 миллион АҚШ доллары жұм­са­лыпты.

72. Адамның тырнағы мен шашы өл­ген­нен кейін де өседі екен.

73. Кез келген мұхиттан ең қашық жер - Қытай.

74. Тек екі жануар ғана мойын бұр­май-ақ артындағыны көре алады, олар - қоян мен тотықұс.

75. Иттердің тері бездері аяқтарының астында.

76. Адамның тез өсетін тырнағы – бас бармағы, ең жай өсетін тырнағы – ортаңғы саусағы.

77. Ой еңбегімен көп шұғыл­дана­тын адамдардың шашында мырыш пен жездің құрамы көбірек болады екен.

78. Кейбір өсімдіктер ет жейді. Шықшөп өсімдігі жапырақтарына қонған шыбын-шіркейлермен қоректенеді.

79. Әлемдегі ең кәрі ағаш АҚШ-тың Калифорния штатындағы қара қарағай ағашы 4600 жаста.

80. Қар жапалақтары алтыбұрышты болып келеді. Әр жауғанда түскен миллиардтаған қар жапалақтары бір-бірлеріне ұқсамайды.

81.  Ең аз жауын жауатын жер – Оңтүстік Америка мемлекеті Чилидің Атакама Шөліндегі бір өлке. Бұл жерге 1971 жылы жауған жаңбырдан бұрын 400 жыл бойы жаңбыр жаумаған.