Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГТЫҢ ҰСЫНЫСЫ

«5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГТЫҢ ҰСЫНЫСЫ»

 

Педагог-психолог: А. Байсадуова

 

      Бесінші сыныпта оқыту жағдайы түбегейлі өзгереді. Балалар негізгі мұғалімнен «сынып жетекші» жүйесіне, сабақ беруші ұстаз – мұғалімге ауысады. Сабақтар әр түрлі кабинеттерде жүреді.

     Негізінен бастауыш сыныптан орта буынға көшу балалық шақтың аяқталуымен сай келеді. Тәжірибе көрсеткендей бұндай кезеңді көптеген балалар өз өмірлеріндегі ең негізгі кезең деп қабылдайды. Олар өздерінің «кіші сыныптағы оқушымын» деп санамайды, және бұл кезеңді мақтан тұтады.

     Бастауыш сыныптан орта буынға көшу оқушының психикасының жүктемесінен өсуімен байланысты. Психологиялық және психофизиологиялық зерттеулер көрсеткендей оқушылар жаңа оқу барысына бейімделу кезеңін бастан кешіреді.

     Оқытудың шарттарның күрт өзгеруі, талаптардың әр түрлі болуы, бастауыш сыныптағы «үлкен» деген атаудан күрт «ең кішілер» деген позияцияда болуы оқушы психикасы үшін күрделі тәжірибе болып табылады.