Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Мұғалімдерге кеңес:

Мұғалімдерге  кеңес:

Педагог-психолог: А. Байсадуова

Біздің міндетіміз -  балаларға,   мұғалімдер ата-аналармен бірлесе отырып, түзету жұмыстарын ұйымдастыру.

Балалардың ақыл-ой дамуының тежелуі туралы айтар болсақ, оның білімді  меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері нормадан төмен келеді. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері әр түрлі болады.

Олар: басынан өткерген аурулар, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы, т.б. себептер болады.

Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары - интеллектуалды деңгейі,  көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы,  ойлауы, кеңістікті бағдарлауы нашар болып келеді.

-  Оқушыға дауыс көтеріп, қатты сөздер айтуға болмайды;  

-  Сіздің жағыңыздан оқушыға деген сүйіспеншілік сезімі мен көңіл бөлуіңіз жоғары деңгейде болу қажет; 

-  Басқа адамдар көзінше оны мұқатып, кемсітуге болмайды; 

-  Оқушыңыздың оқу процесін қатаң қадағалаңыз.(Себебі, олардың осы ауруларға шалдығуы сабақ үлгермеушілікке, тәртіп бұзуға себеп болады.) 

-  Мұғалімнің, яғни сіздің әрбір сөйлеген сөзінің, әр қылығының оқушының ауытқуы мен тәрбиесінде маңызы бар екенін әрқашан есте ұстап отырыңыз. 

-  Оқушыңыздың бос уақыттарында қоғамдық жерлерде, далада өзің қалай ұстайтынын біліп жүріңіз;

-  Оқушыңыздың мектептегі табыстарымен, тәртібін қадағалап, біліп жүріңіз;

-  Өз оқушыңызды сыныптарының жақсы тани білуіне өз үлесіңізді қосыңыз;

-  Оқушыңыз әрқашан көңілді, қуанышты болсын десеңіз, оның мұңаюына кедергі жасаңыз;

-  Оқушыңызға қандай да  шағын (кішкентай) жаңалық ашуына мүмкіндік жасаңыз;

-  Оқушыңызға деген сеніміңізді көрсетуге ешқашан қорықпаңыз;

 

 Есте сақтаңыз: Оқушыға әрқашан түсіністікпен қарау қажет.

Мұғалім оқушының екінші анасы!