Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Ата-аналар үшін жадынама

Ата-аналар үшін  жадынама

Педагог-психолог: А. Байсадуова

  1. Ертең балаңыз ұйқыдан оянғанда оған: «Қайырлы таң!» деңіз де жауап күтпеңіз. Жаңа күнді ұрыс-айқайсыз, көңілді бастаңыз.
  2. Балаңызға ұрысқан кезде «Сен әрқашан», «Сен ылғи», «Сен мәңгілік» деген сөздерді айтпауға тырыс. Сіздің балаңыз әрқашан, ылғи, мәңгі жақсы, бүгін ғана кемшілік жіберді. Осы туралы оған айт.
  3. Баламен ұрысып айырылыспаңыз. Міндетті түрде татуласыңыз, содан кейін ғана өз жұмыстарыңызға кетіңіз
  4. Бала мектептен келгенде одан: «Сені тақтаға шығарды ма? Қандай баға алдың?» деп сұрайды. « Мектепте бүгін қандай қызық болды?- деп сұраған дұрыс.
  5. Бала отбасы тұратын үйге келуге асығыс болуы керек. Сондықтан үйге келгенде әрқашан: «Біздің үйіміз бәрінен де жақсы ғой» -деп айтыңыз.
  6. Егер балаңызға: «Өтірік айтпа, соқпа» дегіңіз келсе, езу тартып күлмдеңізде: «Біреу өтірік айтып тұр»-деңіз.
  7. Балаңызға психологиялық  денсаулықтың ескі қағидасы: «Сен жақсысың, бірақ басқадан артық емессің» дегенді жаттатқыз.
  8. Балаға айтыңыз: «Сәнді болма – сыныпта сәнқойларды жақсы көрмейді. Лас болма – оларды да жақсы көрмейді. Тек ұқыпты, жиңақы бол».
  9. Біз ересектер түнде демаламыз, ал бала жұмыс істейді, ол өседі. Таңертең ол тұрғанда оны тамақтандыр.

    10.Бала далаға кетерде оны есікке дейін шығарып сал да: «Асықпа, сақ бол!»- деуді бала үйден неше рет шықса, сонша рет қайтала.

  1. Бала үйге оралғанда оны әрқашан есік алдында қарсы ал. Бала оның үйге келуіне қуанатынын білуі керек, тіпті кейде кінәлі болып қалса да.
  2. Сіз балаңыз туралы бәрән білуге міндетті болсаңыз да ешқашанда баланың портфелін, қалтасын қарамаңыз.
  3. Қанша шаршасаңыз да балаңызға шаршағаныңызды білдірмеуге тырысыңыз. Наразылық білдірсеңіз, балаңызды да наразылыққа үйретін, аяныш білдіруден айырасыз. Бала өзін аяғаннан гөрі басқа адамды, туған-туыстарын аяюды үйренген жөн.
  4. Ұлыңыз немесе қызыңызбен бәсекелескенде олардың да көңіліне қараңыз. Сіздікі әрқашанда дұрыс, ал олардікі ылғи бұрыс болып жүрмесін. Балалар өздерінің кінәсін мойындап, кемшіліктерін түсінуге үйренеді.