Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Ауытқушылық мінез-құлықты түзетуге бағытталған тренингтік жаттығулар

     Г. А. Цукерманның айтуынша: «Психологиялық түзету-дамыту жұмысы арқылы бойында даралық қабілеттерді қалыптастыру емес, жаңа әрекеттерге аяқ баса алатын интерпсихикалық кеңістік қалыптастыруы қажет. Яғни, ауытқушылық мінез-құлықты түзеуге, өзіне-өзі сенімділікті оятуға ықпал етеді».

     Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал етіп, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді  түзету барысында оқушыларға ойын тренингтер өткізудің маңызы зор.

 

Тренингтік жаттығулар

 

«Телетайп».

Мақсаты: «Қауіпті топтағы» жасөспірімдердің қайта позитивті бейімделуін, әлеуметтік бейімделуін түзету.

Қатысушылар шеңбер бойымен қолдарын ұстап тұрады. Сыбырлап  айтушының атын айтып хат жібереді. Хат шеңбер бойымен білінбейтіндей қол қысумен беріледі. Ортадағы  жүргізуші – қол қысуды байқап қалуы  керек. Байқалып қалған оқушы  жүргізушінің орнына барып ойынды жалғастырады.

 

Жаттығу «Атқыштар, барлаушылар,  және бейбіт тұрғандар».

Шеңбер бойымен балалар тұрады. Ойын жүргізуші 3 атқыш, 3 барлаушы, қалғандарын бейбіт тұрғындар деп  сыбырлап айтып шығады. Атқыштар  бейбіт тұрғынды көзбен қысу арқылы  атады. Бейбіт  тұрғын атылғанын сезсе «мен өлдім» дейді. Барлаушылар аңдып тұрып кім атқыш екенін табулары керек. Барлық атқышты тапқанша ойын жалғаса береді.

 

Жаттығу «Аялдама».

Мақсаты: Қатынас қабілетін дамыту, агрессияны болдырмау, қақтығыссыз қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.

Балалар автобуста бір-біріне  жабысып тығыз түрегеп тұрған  жолаушылар кейіп бейнелейді. Бір қолдарын жоғарыда,  бір қолдарында сумкалары бар. Арт жақтағы жолаушы аялдамасына  келгенде орталарынан қыстырыла  сыртқа шығуға  әрекеттенеді. Жолаушылар тығыздала түседі.

 

Жаттығу «Ақ лента».

Мақсаты: Өмірлік мақсатын анықтай алу қабілетін дамытып, болашаққа өз-өзін баулуға үйрету, жағымсыз мінезден арылуға көмектесу.

Плакатқа МЕН деген жазу іленеді, балалардың  алдына ақ лента салынады.

Балаларға егер болашағыңыз үшін  жауапкершілікті сезінесіз, өміріңіздің  жақсы болғанын қаласаңыз  мына лентадан  аттаңыз, аттар алдында  қандай жаман мінезіңізден  құтылғыңыз келетінін стикерге  жазып,  плакаттағы  МЕН әріптеріне жапсыру сұралады.

Бәрі өздерінің бойларындағы жағымсыз  мінездері  жазылған стикерді  МЕН әріптеріне  жапсырып ақ лентраны аттайды. Болған соң плакаттағы әріптер ертеледі.

 

Жаттығу «Құшақтасу».

Мақсаты: Жеткіншектер арасында позитивті көңіл-күй орнату, иммунитетін көтеру.

Балар ортаға шеңберге жиналады.

Жүргізуші 2 деген кезде екі адам құшақтасып амандасуы керек, 3 дегенде үш адам құшақтасады ... 10 дегенде он адам құшақтасып амандасады.

 

Жаттығу.

Мақсаты: Жеткіншектер арасында позитивті  қарым-қатынас орнату, көңіл-күйлерін көтеру.

Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Барлығы  көздерін жұмады. Көздері жамылу  құлпымен кезектесіп 10-ға дейін санайды. Ойын ережесі: санды бір адам ғана атауы керек. Егер екі  адамның қосақталған дауысы  қатар шықса, санау қайта  басталады. Он мүмкіндік бар, осы он мүмкіндікте  санауды онға жеткізсе, топ келісімге  келген топ. Әрбір сәтсіз  санаудан кейін  көзді ашып  қарауға болады.

 

Жаттығу «Өзен толқыны».

Шеңберге  қол ұстасып тұрып, қолды босатпай, бір адам «Қайырлы күн» деп отырып тұруы керек, келесісі  осы қимылды  іле шала  қайталуы керек. Кідерссіз толқынға  айналуы керек. Екінші айналым басталғанда  қолды шапалақтап  барып отырып  тұру керек. Екі адам бірдей қайталап отырып  қойса,  ойын қайта басталады. Толқын біркелкі  болғанша қайталанады.

 

Жаттығу «Интервью».

Мақсаты: Серіктесін тыңдай  білуді дамыту, және коммуникативті дағдыларын жетілдіру.

Тренинг барысы:

Қатысушылар жұптарға бөлінеді,  кезектесіп «журналистер» мен «жұлдыздар» болады. «Журналистер»  «жұлдыздардан» интервью алады және ол туралы  не білгісі келсе, соны  сұрайды. Бір-бірінен  интервью  алып болған соң  кезектесіп өз жұлдыздарын  таныстырады.

Жаттығу «Мүсін».

Мақсаты: Топ ортасында өзін еркін  ұстауды қалыптастыру.

Қатысушылар  шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші ортада  әртүрлі қимыл  жасайды, қатысушылар айнытпай  сол қимылды  қайталаулары керек. Жүргізугі «Мүсін»  деп тоқтап  қалғанда  бәрі қатып қалуы керек, қозғалып  қойған, не күліп жіберген адам ойынды жалғастырады.

 

Жаттығу «Пингвин».

Қатысушылар пингвин болып, ішкі, орта шеңбер, сыртқы шеңбер  құрулары керек. Сыртқы шеңбердегі пингвиндер ішкі жақтағы  пингвинге қосылуға  әрекет жасайды, ортадағы пингвиндер жібермеуге тырысады.

В. А. Сониннің әдісі «Бұл әлемде мен кіммін?»

Мақсаты: Агрессияны  қалай шығаруға болатынын ұғындыру.

 

Тренинг «Ашулы шарлар»

Шарты: 8-10 қатысушыны ортаға шығарып үрлеп, оларды байлау сұралады.

Қатысушыларға түсіндіру керек, шарлар адамның денесін бйнелейтінін, ал оның  ішіндегі ауа – адам сезімі. Қатысушылар қолдарындағы  шарды  аяқтарымен  жаруы керек.

-   Шарды жарғанда қандай сезімде  болдыңдар? Ашуды осылай шығару  жұрыс жол ма? Ондай ашудан  кейін қандай сезімде боласыңдар?

-   Бұлай қатты  жарылған шар  агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.

-   Енді қатысушылар  келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар  ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап  қана жарты ауасын  шығарайық. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашумызды бақылап шағарсақ, ол ешкімге  зақым келтірмейді.

-   Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа  шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз  жолын табу  – ол әр адамның өз қолында  екендігін  тұжырымдау.

 

Жаттығу «Қос мейірімді»

Мақсаты: Бала бойындағы  агрессиядан арылту.

Топ шеңберге тұрады. Біреуінің көзі байланады. Жүргізуші  қолымен  бір қатысушыны  көрсетуі керек, (бірақ агрессивті баланы емес) соған көзі байлаулы бала барлық ашу ызасын айтып тастауы керек. Сосын көзін шешіп кімге айтқанын  көрсету керек «құрбанынан» кешірім сұрайды. Көзі жұмулы баланың өзін көрсету  кезінде эффект қызық бола түседі.