Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Серікболсын Дүйсембай шығармалары

 

Подробнее

"Ақындар мектебі"-Школа поэтов": Серікболсын Дүйсембай

     Серікболсын Дүйсембай 1993 жылы Баянауыл ауданы Жаяу Мұса ауылында дүниеге келген.  Ы.Алтынсарин атындағы Павлодар облыстық қазақ гимназия-интернатында оқып жүрген  кезінде-ақ өлеңдері  облыстық   «Ертіс дидары» газетінде, «Айдын» журналында, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде және интернет порталдарында жарияланған, Павлодар қаласындағы «Типография Сытина» ЖШС баспасынан «Туған жер, бесік дүние» аттжыр жинағы жарық көрген. Серікболсын – 2008 жылы Семей өңірінде өткен ҮІІ республикалық Абай оқуларының І орын иегері,  «Алаш Орда» қозғалысының 90 жылдығына арналған «Алаш туы астында...» атты облыстық жастар мүшәйрасында І орынды иеленді, Астана қаласында өткен ХІ халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде Білім және ғылым министрлігінің «Үздік әдеби шығарма» арнайы сыйлығына ие болды.

     2011 жылғы «Тәуелсіздік тұғыры» атты Республикалық ақындар мүшәйрасында Жаяу Мұса атындағы сыйлықтың иегері. Сондай-ақ  Серікболсын облыстық, республикалық жас ақындар айтыстарына да қатысып, бірнеше мәрте жүлдегер, жеңімпаз атанды. 2010 жылы Талдықорған қаласында өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектеп оқушылары арасындағы республикалық айтыстың, 2012 Шапық Шөкиннің 100 жылдығына арналған аймақтық ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алды.

     Серікболсын Дүйсембай гимназия-интернатты 2011 жылы  «Алтын белгіге» аяқтап, 2016 жылы Назарбаев Университетінен «Электр және электроникалық инженерия» маманы болып шықты. Қазіргі таңда Сауд Арабиясындағы Король Абдулла атындағы Ғылым және Технология Университетінде «Қолданбалы математика және компьютерлік ғылымдар» саласы бойынша докторантурада білім алып жатыр.

Подробнее

Қайдаров Рауан Жақсыбекұлы шығармалары

Подробнее

"Ақындар мектебі"-Школа поэтов": Қайдаров Рауан Жақсыбекұлы

     Қайдаров Рауан Жақсыбекұлы 1992 жылы 4 тамызда Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы,  Естай Беркімбайұлы атындағы ауылында дүниеге келген. Бірнеше облыстық, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатында 2008-2010 жылдары білім алған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін 2010-2014 жылдары тәмамдаған. Қазіргі уақытта республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі.

      Жетістіктері:

  • «Тәуелсіздік тәу етер жалғыз кием» атты халықаралық ақындар айтысында ІІ орын. (Екібастұз қаласы 2016 жыл);
  • «Дихан рухы мәңгілік» республикалық ақындар айтысында  ІІ орын (Қызылорда 2016 жыл);
  • «Өз жеріңде демал, өз еліңде ем ал» республикалық ақындар мүшәйрасында «Арнайы жүлде» (Алматы 2016 жыл);
  • «Алашқа аты мәлім Қызай ана» Республикалық жыр мүшәйрасының «Арнайы жүлде» иегері (Алматы 2016 жыл);
  • Павлодар облыстық «Наурыз айтысында» Бас жүлде, І орын иегері (2014-2015 жылдар);
  • «Елін сүйген Елбасы» Республикалық студенттер айтысында «Ректордың арнайы жүлдесі» (Шымкент 2014 жыл);
  • Ақмола облысы, Ақкөл ауданында өткен аймақтық ақындар айтысында І орын, ІІ орын (2015-2016 жылдар), т.б.
Подробнее

"Ақындар мектебі"-Школа поэтов": Саяхат Оразбек

     Саяхат Оразбек 1996 жылы дүниеге келген. Павлодар қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатына 2007 жылы оқуға қабылданып, 2014 жылы мектепті бітірді. 2014-2018 жылдары С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқыды. Оразбек бала кезінен өлең сөзге жақын. Оқушылар арасында суырып салма ақындығымен танылып, жас талант - республикалық, облыстық, қалалық сайыстардың жеңімпазы атанды. Атап айтқанда, облыстық Махамбет, Мағжан, Мұқағали оқуларына қатысып, бас жүлдені иеленген. Осы сайыстардың республикалық кезеңінде арнайы жүлде мен жүлделі орындарды да қанжығасына байлады. «Жырлаймын сені, туған өлкем» атты жыр мүшәйрасының І орын иегері, «Жас дәурен» атты оқушылар айтысының бас жүлдегері, «Жарқын болашақ» халықаралық KATEV қазақ тілі олимпиадасында «Сөз шебері» бағытында ІІ орын иегері, т.б. Өлеңдері облыстық «Сарыарқа самалы», «Ертіс дидары», «Регион KZ» газеттерінде және «Найзатас» журналында жарияланды.

    Оразбек ақындық өнер бойынша облысымызға танымал айтыскер  ақын Асығат Тұрғанбекті әрдайым ұстаз тұтады.

Подробнее

"Ақындар мектебі"-Школа поэтов": Мәрес Байрон Жұмашұлы

      Мәрес Байрон Жұмашұлы 1996 жылы 28 наурызда дүниеге келді. Гимназияда 2007-2014 жылдар аралығында оқыды.

    Мектеп қабырғасында М.Жұмабаев атындағы республикалық  көркем сөз оқу шеберлерінің сайысында 3- орынды  иеленді. Республикалық «Жас қаламгер» байқауының жеңімпазы болды. Облыстық "Жас дәурен" оқушылар айтысының бірнеше мәрте жүлдегері атанған.

Подробнее

"Ақындар мектебі"-Школа поэтов": Жанбау Марғұлан Сейфуллаұлы

     Жанбау Марғұлан Сейфуллаұлы

     Ақындық дарын – Алланың берген өнері, талант  – табиғат сыйы. Ақынды қалыптастыратын – айтыс. «Тұлпарды тай күнінен таны» деген халық даналығы бар. Халқымыздың төл өнері айтысқа түсіп, болашақта айтыс саңлағы болатын талантты да дарынды оқушылардың бірі - Жанбау Марғұлан.

Жанбау Марғұлан Сейфуллаұлы 2000 жылы мамыр айының төртінші жұлдызында дүниеге келген. Марғұлан – табиғат бойына  суырып салма ақындықты дарытқан, бойына өлең сөзді тірек еткен әрі республикалық сайыстарда облысымыздың намысын қорғап,  облыс көлемінде мектебіміздің абыройын асқақтатып жүрген дарынды оқушымыз.

     Марғұланның бәйге мәрелерінен көрініп, жас айтыскер ақын ретінде танылуына себепкер болған ұстазы -   республикалық ақындар айтысының жүлдегері, айтыскер ақын Асығат Тұрғанбек.  «Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» дейді халқымыз.

Бағындырған жетістіктері:

  • Облыстық Махамбет оқуларының ІІІ, ІІ орын иегері.
  • Облыстық Абай оқуларының ІІІ, ІІ, І орын иегері.
  • Облыстық Мағжан оқуларының ІІ орын иегері.
  • Облыстық "Жас дәурен" оқушылар айтысының ІІІ, ІІ, І орын иегері
  • Республикалық Жамбыл Жабаевтың 168 жылдығына орай өткен оқушылар айтысында әкімнің арнайы сыйлық иегері, 2013 жыл.
  • Республикалық Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай өткен оқушылар айтысында ІІІ орын иегері, 2015 жыл.
  • Облыстық Алаш қозғалысының 100 жылдығы мен Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына орай өткізілген мүшәйраның Бас жүлде иегері.
  • Облыстық "Мемлекеттік тіл және жастар" телеойынында ІІ орын иегері.
  • Облыстық "Алаштың асылы - ұлтының жасыны" оқушылар айтысында І орын иегері.
  • Мәшһүр Жүсіп шығармашылығына арналған қалалық конкурста ақын шығармаларын жоғары деңгейде орындауда және насихаттауда Бас жүлде иегері, 2017.
  • Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің грант иегері, 2018.
Подробнее

"Ақындар мектебі"-Школа поэтов": Құдірет Сарыбай

     Құдірет Сарыбай  2000 жылы 11 маусымда  Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Шақат ауылында туған. Ең алғашқы жырлары  3-сыныпта бастау алған. 2011 жылы 5-сыныптан бастап Павлодар қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында оқиды. Талай додаларда бас бәйгені қанжығасына байлаған гимназиядағы облыстың бас ақыны Асығат Тұрғанбектің жетекшілігіндегі  «Желдірме» мүшәйра үйірмесінің мүшесі болды. 

1.Облыстық «Жас ақындар» сайысының Алғыс хат иегері.

2.Республикалық қашықтық олимпиадасынан қазақ тілі мен әдебиет бағытында жүлделі 2 орын иегері.

3.2016 жылы өткен облыстық «Абай оқуларының» бас жүлде иегері.

4.2017 жылы өткен Республикалық Абай оқуларының «Ұлыларды ұлықтаушы»номинациасының иегері.

5.2017 жылы өткен облыстық  «М.Жүсіп оқуларының» бас жүлде иегері.

Подробнее