Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

«Дарын-2018» кеші

     Бүгін Естай атындағы мәдениет сарайында Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты жылдың үздіктерін анықтайтын «Дарын-2018» кешін өткізді. Білім ордасы директорының міндетін атқарушы Күләзи Оразбаева биылғы оқу жылы гимназия үшін жетістікке толы болғанын атап өтті.
     - Мектебіміз мен облысымыздың абыройын олимпиадалар мен ғылыми жобаларда, өзге де білім байқауларында асқақтатып жүрген оқушыларымыз бен олардың мұғалімдеріне алғыс білдіремін, - деді Күләзи Оразбаева. – Бүгінгі кеште мақтаныштарымызды марапаттаймыз. Сіздерді осы жылды жоғары деңгейде аяқтап, жаңа оқу жылына жаңа күшпен келеді деген үміттемін. Айта кетейік, гимназияның оқушыларын республикалық додаларға дайындаған ұстаздардың қатарында тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Батталов, биология ғылымдарының кандидаты Наталья Корогот, математика пәнінің аға оқытушысы Бори Горшков, Ж. Аймауытов атындағы театрдың актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бейбіт Шәнім бар.
     - Облысымызың білім саласында Ы. Алтынсарин ұжымының алатын орыны ерекше, - дейді Павлодар облысы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының басшысы Ғаждембек Тұрсынов. – Бір қызығы, 5-6 сынып оқушылары арасында өткен олимпиадада бұл мектептің оқушылары бірінен-бірі қалмай жүлдегер атанды. Бұл дарынды түлектеріміздің талантты ізбасарлары бар екенінің дәлелі. Бәріңізге сәттілік пен денсаулық тілеймін. Кеш барысында ұстаздармен қатар оқушылар «Ел үміті», «Шабыт», «Өңір өрені», «Білім биігінде» және «Алаш арманы» сияқты номинациялар бойынша марапаттарға ие болды.

Подробнее

VII қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен М.Ж.Байғалова атындағы олимпиада

     Гимназиямызда VII дәстүрлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен М.Ж.Байғалова атындағы олимпиада мәресіне жетті. Биылғы жылғы олимпиада V бағыт бойынша өтіп, жалпы саны 160-тан астам оқушы қатысты.
     5-8 сыныптар арасында өткен дәстүрлі олимпиаданың жабылуына Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстазымыз Мапруза Жармағанбетқызы Байғалова өзі қатысып, гимназия шәкірттеріне батасын берді.

Подробнее

Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республика бойынша бірыңғай олимпиаданың облыстық кезеңі

     2018 жылғы 4 сәуір күні Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республика бойынша бірыңғай олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

     Олимпиадаға 9 «б»-сынып оқушысы Асқар Күлімжан (жетекшісі Р.Ж.Мұхаметжанова), 10-сынып оқушысы Илимхан Ақерке (жетекшісі А.Т.Абаева), 11 «б»-сынып оқушысы Бәкібай Толғанай (жетекшісі М.Б.Касыбаева) қатысып, нәтижесінде ІІ орын жүлдегерлері атанды.

     25-28 сәуір күндері Өскемен қаласында өткізілетін республикалық олимпиадаға облыстық кезеңге жолдама алды. Жүлдегер оқушыларымызды құттықтаймыз!

Подробнее

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада

     Қостанай қаласында 2018 жылғы 26-29 наурыз күндері өткен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға мектебімізден  3 оқушы: 11 «б»-сынып оқушылары Шарапиден Аида, Алмаc Ділназ, 10-сынып оқушысы Илимхан Ақерке қатысты. Нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша Аида (жетекшісі М.Б. Касыбаева)  мен Ақерке (жетекшісі А.Т. Абаева)  –  ІІІ орын, орыс тілі пәні бойынша Ділназ (жетекшісі О.Б. Саденова)  –  ІІІ орын жүлдегерлері.

     Жеңімпаз оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.

 

Подробнее

Республикалық олимпиаданың жүлдегері

     2018 жылғы 12 қаңтарда  Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде физика, математика, информатика пәні мұғалімдері арасында І республикалық олимпиадаға мектебімізден информатика пәнінің мұғалімі Солтаналинов Қайрат Ыдырысұлы қатысып, олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ орынды қанжығасына байлады. Хакім Абай:«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады», – деп бекерден-бекер айтпаса керек. Келешек ұрпақтың жаңа заманға сай, бәсекеге қабілетті болуы мұғалімдерге тікелей байланысты екені анық. Бар білімін шәкірттеріне берумен қатар, түрлі байқауларда бақ сынағанды артық санамайтын білімді де білікті ұстаз Қайрат Ыдырысұлының бұл жеңісі – ұстаздар қауымының үнемі ізденісте болғанының дәлелі.

     Республикалық олимпиаданың жүлдегері атанған ұстазымызды жеңісімен құттықтаймыз. Болашақта алар асуларың биік болсын!

 

Подробнее

«Ең үздік олимпиадалық команда - 2018»

     2018 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-сы аралығында Павлодар қаласының №16 лицей-мектебінде жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11-сынып оқушылары арасында 56-облыстық пән олимпиадасы өтті.

     Облыстық пән олимпиадасына мектебімізден 35 оқушысы қатысып, нәтижесінде 20 оқушы жүлдегер атанып, 2 оқушы: 11-сынып оқушылары Олжатаев Қуаныш Инновациялық Еуразия университетінің, Марат Аймера С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқу грантын иеленді.   «Ең үздік олимпиадалық команда - 2018» номинациясында гуманитарлық бағыт бойынша мектебіміздің олимпиадалық құрамасы  І орынды иеленді.

Подробнее

Робототехника олимпиадасының желілік кезеңі

2017 жылғы 29 сәуір күні "Назарбаев Зияткерлік мектебінде" өтті.

Подробнее

Қ.О.БІТІБАЕВА АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

     2016 жылдың 8 сәуірінде Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде Қ.О.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға облысымыздың жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептерінің оқушылары қатысты. 

Подробнее

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық пән олимпиадасының қорытындысы

     Наурыз айының 24-29 аралығында Ақтау қаласында өткізілген қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадасы болып өтті. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 600-ге жуық оқушы қатынасты. Павлодар облысынан  облыстық пән олимпиадасының 35 жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты. Оның  ішінде  23 оқушы республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарынан көрінді. Жалпы командалық есепте Павлодар облысы  І орынға ие болып, «Ең үздік олимпиадалық команда – 2017» атанды.

Подробнее

Облыстық пән олимпиадасы

     2017 жылғы қаңтар айының 5-і мен 6-ы аралығында Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінде жалпы орта білім беретін оқу орындарының 9-11 сынып оқушылары арасында 55-ші облыстық пән олимпиадасы өткізілді.

     Облыстық пән олимпиадасына 3 қаладан, 10 ауданнан және 13 облыстық мамандандырылған білім беру мектептерінен барлығы 26  команданың 733 оқушысы қатысты.    

 

Подробнее