Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

“Мәшhүр-Жүсіп оқулары” облыстық байқауы

Бәрекелді!

“Ертіс дарыны” өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен, “Мәшhүр-Жүсіп оқулары” облыстық байқауында гимназиямыздың 10-сынып оқушысы Дауренбекұлы Рамазан бас жүлдені қанжығасына байлады.

“Алдыма өлең жаз деп қағаз келген...” (ақындар мүшәйрасы) бағытында өнер көрсеткен оқушымыздың Мәшhүр ақынға арнаған арнауын қазылар алқасы үздік деп таныды.

Айта кетелік, аталмыш байқаудың Республикалық кезеңінде облыс намысын, Дауренбекұлы Рамазан қорғайтын болады. Сәттілік серігі болсын деп тілек айтамыз.

Жетекшісі: Қайрат Айсана Қайратқызы