Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы

Құрметті ата-аналар! Қазақстан халқының тілдері күніне орай ұйымдастырылып отырған көркем ойдың әлемдік деңгейдегі тұлғаларының бірі ұлы Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына балаларыңыздың белсенді қатысуына қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.

Абай сөзі еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың қаз басып, буынының бекуіне, озық ойлы интеллигент болып қалыптасуына септігін тигізері анық.

Құрметті оқушылар, қазақтың классикалық ой әлемінің шыңы атанған ұлы хәкім Абайдың  өлеңін мәнерлеп оқуға бар күш-жігерімізді аямайық.

Байқауға 5-10-сынып оқушылары қатыса алады;

5-6-сынып оқушылары өздерінің видеоларын abaeva_a70@mail.ru электронды почтасына жолдау қажет.

7-8-сынып оқушылары өздерінің видеоларын  maira610@mail.ru  электронды почтасына жолдау қажет.

9-10-сынып оқушылары өздерінің видеоларын okpina@bk.ru электронды почтасына жолдау қажет.

Марапаттау:
Байқау жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар /ұялы бірліктер/ беріледі.

Видео