Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

"Ана тілің - арың бұл..." атты жазба ақындардың жыр мүшәйрасы

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, ана тілін құрметтеуге, сүюге дәріптеу мақсатында "Ана тілің - арың бұл..." атты жазба ақындардың жыр мүшәйрасы өтетінін хабарлаймыз.
Мүшәйра өткізу тәртібі мен шарттары:
- Байқау онлайн түрде өтеді.
- Байқауға 5-11 сынып аралығындағы қолына қалам ұстаған жас ақындар қатыса алады.
- Мүшәйраға әр ақын бала бір өлең жолдауы тиіс.
- Байқауға ұсынылған шығармалар мынадай үлгіде компьютерде терілуі керек. Word, Times, New Roman.
- Шығарма мәтіні екі нұсқада қабылданады. Біріншісі электронды нұсқада автордың тегі, аты, жөні, шығарманың аты көрсетіледі. Екіншісі оқыған өлеңінің бейнеролигін жолдау қажет.
- Үміткерлердің шығармалары қыркүйек айының 20-на дейін қабылданады.
- Қатысушылардың өлеңдері Aisana89_89@mail.ru почтасында қабылданады.
- Үміткерлер бейнероликтерін 8705 144 43 89 нөмірі бойынша ватсап арқылы жібере алады.
Жауапты: Қайрат А.Қ. Искакова Р.К. Байрон М.Ж.