Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Google Forms тиімді тұстары

Google Forms тиімді тұстарыОблысымыздағы аудан мектептерін қолдау және кәсіби педагогикалық өзара іс-әрекет шеберлік жұмыстарын іске асыру мақсатында Алтынсарин гимназиясы мен Ақтоғай ауданының білім беру бөлімінің арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылып, бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды.
⠀Кеше де тәжірибемізбен бөлісіп ZOOM платформасы арқылы шеберлік сағаты өткізілді. ⠀Әлемдегі болып жатқан төтенше жағдайға байланысты барлық білім ордаларының қашықтан оқыту режиміне орай оқу үрдісін ыңғайлы онлайн-платформа арқылы жүзеге асыру оқушылармен кері байланыс орнату, онлайн тестілеу және сауалнамалар жасаудың онлайн қызметін ұйымдастырудағы қажеттілік туындады. ⠀Осыған орай мектебіміздің информатика пәнінің мұғалімі Тлеулесова Асем Асқаровна өз тәжірибесімен бөлісті.
⠀Шебер сағат барысында материалдарды дайындау, Google пішіндеріндегі тестілерді қалай құруға және бағалауға болады мәселелері қозғалды. Қатысушы әріптестеріміз өз тараптарынан Google Forms тиімді тұстарын мүмкіндіктерін алдағы уақытта өз тәжірибелерінде қолданып, кері байланысқа шығып, нәтижеге бағытталған бірлескен жұмыс жасайтынын айтты.