Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

«Тапсырмаларды құрастырудың ерекшеліктері» атты вебинар

      Ағымдағы оқу жылының қыркүйек айында аудан мектептерін қолдау және кәсіби өзара іс-әрекет жұмыстарын іске асыру мақсатында Алтынсарин гимназиясы мен Ақтоғай ауданының білім беру бөлімінің арасында ынтымақтастық орнаған болатын. Ынтымақтастық аясында 2019-2020 оқу жылына бірлескен жұмыс жоспары құрастырылып, осы жоспар аясында бірнеше бірлескен іс-шара өткізілді.
     Еліміздегі орын алған төтенше жағдайға байланысты ынтымақтастық аясында жоспарланған іс-шаралар қашықтықтан өткізу форматына ауысты. Сәуір айының 21-інде аудан мұғалімдерінен экспресс-сауалнама алынып, сұраныстары анықталды. Соған байланысты жоспар қайта қарастырылып, қашықтықтан оқыту жағдайында туындаған мәселелерді шешу жолдарын ұсынатын іс-шаралармен толықтырылды.⠀

     29.04.20 ж. гимназиямыздың  және ауданның қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән  ұстаздарына арналған «Тапсырмаларды құрастырудың ерекшеліктері» атты вебинар Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесіп өткізілді. Вебинарда тренер, білікті маман Айман Ибраева аталмыш сұрақ төңірегінде ұстаздарға нақты бағыт-бағдар көрсетіп, өзінің тәжірибесімен бөлісті.

     Сондай-ақ, вебинар барысында ZOOM платформасының интерактивті тәсілі қолданылды. Яғни, ортақ конференция залынан қатысушылар жеке секциялық залға өтіп, жұппен, топпен жұмыс жасап, бір-бірімен пікір алмасты, ойларын ортаға салды, әріптестік қарым-қатынастарын жаңаша форматта орнату мүмкіндігіне ие болды.
⠀     Берері мол, пайдасы зор вебинар қатысушылардың өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігі мен ізденістерін арттырып, өзекті ақпараттар алып, көптеген сұрақтарының жауабын табуға үлкен септігін тигізді.