Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Қашықтықтан оқыту форматы

      Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
⠀     Еліміздегі төтенше жағдайды ескере отырып гимназиямыз да төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастайды. Қазіргі таңда балалар көктемгі демалыстарын тиімді өткізіп жатыр деген сенімдемін. Ал гимназиямыздың ұстаздары болса, балаларды жаңаша оқытуға өздерінің цифрлық құзіреттілігін күшейту бойынша жұмыс жасауда.
⠀     Білім ордасында қашықтықтан оқыту бойынша жедел желі жұмысын бастады. Барлық сұрақтарыңызға осы нөмірлер арқылы жауап алуларыңызға болады.

 



⠀     Қымбатты оқушылар!
⠀     Қашықтықтан оқыту форматы өздерің үшін алғашқы тәжірибе болғалы тұр. Сондықтан қашықтықтан оқытудың тиімді тұстарын түсіндіре кеткенді жөн санадым. Біздің ұстаздар қашықтықтан оқыту барысында әлемдегі және еліміздегі озық платформаларды қолданылатын болады. Педагогтар оқыту процесін Kundelik.kz, Zoom, bilimland, google, classroom, edmodo секілді ресурстар арқылы жүргізеді. Бекітілген сабақ кестесін kundelik.kz бағдарламасынан көре аласыздар.
      Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілеймін.

 

Қашықтықтан оқыту