Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

"Мамандықтар әлемін ашамыз" атты форум

    Оқушылар сарайында екі күн қатарынан "Мамандықтар әлемін ашамыз" атты облыстық форум өтті. Павлодар облысында аудандық, қалалық командалар өзара бәсекеге түсіп, ең үздіктерін анықтады. Бірінші күні қазылар алқасына мамандықтар тақырыбына эссе, презентация және бейнероликтер ұсынылды. Форумға қатысушылар өз стилінде мамандық таңдаудың маңыздылығы және бұл шешім алдағы өмірде қалай көрініс табатыны туралы айтып берді.

   ⠀Екі күндік конкурстың қорытындысы:

  • "Мамандықтар әлемін ашамыз" атты форумның үздік бейнеролигі байқауында 1-орынға Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушысы Айтмұхамбетова Әнел (жетекшісі Сәрсенов Төлеген) ие болды.
  • Ең үздік презентация бағытында болса 1-орынды Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының оқушысы Қалиасқарұлы Дәнекер (жетекшісі Нұрмат Бағдәулет ) жеңіп алды.

   ⠀Әр номинацияның жеңімпаздары Павлодар облысын республикалық кезеңге қорғайды.

 

"Мамандықтар әлемін ашамыз" атты форум

 

"Мамандықтар әлемін ашамыз" атты форум