Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі     Кеше түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында орын алған жаппай төбелес пен жанжалға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі:
     Бұл ахуалды арандатушылар өз мақсатына пайдаланды. Өкінішке қарай, бұл оқиға кезінде адам шығыны болды.
     Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектес екендігін айтты. Бұл жағдайды полиция мен Ұлттық ұлан бақылауға алып, Үкімет комиссиясын құру тапсырылды. Оған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев төрағалық етеді. Үкімет комиссиясы болған оқиғаның себебін анықтайды.
     Жамбыл облысы әкімімен бірлесіп, қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын ұйымдастырады. Сондай-ақ жағдайды тұрақтандырумен айналысады. Мемлекетіміздің мүддесіне зиян келтіретін, береке-бірлігімізді бұзатын және жалған ақпарат таратқан азаматтар заң алдында жауап береді.