Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

"Абай мұрасы - халық ұлағаты" дөңгелек үстел

"Абай мұрасы - халық ұлағаты"  дөңгелек үстел     Ұлы ойшыл ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай мектебімізде ақынның қара сөздерінің сипатына тоқталып, тақырыптық жағынан талдау жұмыстары "Абай мұрасы - халық ұлағаты" деген атаумен дөңгелек үстел үстінде жалғасты. Естеріңізде болса өткен апта Абайдың бірінші, екінші және үшінші қара сөздерін 5 а, б -сынып оқушылары мектеп кітапханасында талдаған болатын. Бұл жолы ақынның төртінші, бесінші қара сөздерін 5 б, в- сынып оқушылары жаттап келіп, ондағы адамгершілік пен ізгілікті дәріптейтін сөздерге тоқталды. Иә, бұл керемет бастама оқушыларымыздың ой-саналарын дамытып, бойларына рухани азық берері айқын. Шара соңында мектеп оқушылары кітапхана қорына бағалы кітаптарды табыстап, ақын өлеңдерінен тарту.

Дөңгелек үстел