Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Педагогикалық шеберлік орталығының тренері А.Р. Ибраева семинар өткізді

Педагогикалық шеберлік орталығының тренері А.Р. Ибраева семинар өткізді31 қаңтар күні гимназиямызда пән мұғалімдеріне арналған "Сабақ жоспары - тиімді оқытудың құралы" тақырыбында педагогикалық шеберлік орталығының тренері А.Р. Ибраева семинар өткізілді.

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, әр мұғалім өз сабағының нәтижелі өткенін қалайды.

Сабақтың басты міндеті - оқу мақсаттарын жүзеге асыру. Семинар барысында оқу мақсаттарынан сабақ мақсатын шығару, бағалау критерийлері мен оқушыларға ұсынылатын тапсырмалардың бағыты анықталды.

ҚМЖ құрастырудың тиімді алгоритмі ұсынылып, практикада іске асырылды.