Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

«Алтын адам - Тәуелсіз Қазақстанның символы» атты республикалық ең үздік эссе байқауы

     ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Ұлттық мұражайда «Алтын адам - Тәуелсіз Қазақстанның символы» атты республикалық ең үздік эссе байқауының ақтық кезеңі өтті. Республикалық байқаудың ақтық кезеңіне еліміздің барлық өңірінен ұсынылған 63 оқушының ішінен ең үздік деп танылған 12 жұмыс қатысты. Қатысушылар Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттары бойынша эсселер жазып, өз жұмыстарын қорғады. Байқауда Павлодар облысының намысын қорғаған Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы Имантай Мағзұм, ұстазы Бағдәулет Нұрматтың жетекшілігімен жүлделі 2-орынға ие болды. Байқауда қатысушылардың жұмысын 9 әділқазы бағалағанын атап өту керек. Солардың ішінде ҚР Ұлттық мұражай директорының орынбасары Абай Сатубалдин, К.Ақышев атындағы Археология институтының директоры Марал Хабдулина, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жәкен Таймағамбетов сынды ғалымдар да бар.ҚР Ұлттық мұражай директорының орынбасары Абай Сатубалдин: - Байқау ұлттық мұражайдың 5 жылдығы, Кемел Ақышевтың 95 жылдығына арналып ұйымдастырылды. Жалпы үш кезеңде ұйымдастырылған бұл жобаға бір жыл бойы дайындалдық. Байқау «Алтын Адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасының аясында өткізілді. Ақтық кезеңге өткен үздіктердің барлығы жеңімпаз болуға лайық дарынды балалар,-деді. Жеңімпаздар ҚР Ұлттық мұражайының диплом және құнды сыйлықтарымен марапатталды.

«Алтын адам - Тәуелсіз Қазақстанның символы» атты республикалық ең үздік эссе байқауы