Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

"Отбасы күні" - День семьи

     Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды ойната отырып олардың спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, мектеп пен ата-ана арасында байланысты нығайтуды биылғы оқу жылында басты назарға алып отырмыз.

     Ол үшін біз аптаның әр сенбісін "Отбасы күні" қылып атап оқушы мен ата-аналарымызды жұмылдыртып спорттық сайыстарды немесе түрлі іс-шараларды өткізетін боламыз.

     Бірінші болып 11-сынып оқушылары мен ата-аналары жиылып, спорттық сайысқа қатысып атсалысты. Ата-аналарымыз бұндай отбасылық шаралар өте қажет деп санап отыр. Әрине біз бұл сөзбен толықтай келісеміз. Әлі алда әр сынып ата-аналарымен жүздесіп отбасылық сайыстарды ұйымдастыратын боламыз.