Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

"Мектепке тағзым" акциясы

     Қара шаңырағымызға айналған алтын ұя гимназиямызға бір топ мектеп түлектері мен қызмет жасаған ұстаздарымыз келіп, "Мектепке тағзым" акциясы аясында оқушыларымызға 15 домбыра сыйға тартты.
⠀    Еңбек жолын гимназиямызда бастап, кейін химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қызметін жалғастырып жатқан әріптестеріміз бен түлектеріміз мектепке деген сағыныштарын білдіріп, мектеп қабырғасында өткізген күндерін еске алды.
⠀    Арнайы ұйымдастырылған мерекелік концертті тамашалап, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.