Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Жаңа оқу жылының басталуы

     Білім күніне арналған салтанатты жиын гимназия-интернатымызда ерекше аталып өтті. Оқушылардың жаңа оқу жылына деген құлшыныстары мен мектепке деген сағыныштары бірінші күннен-ақ көрініп тұрды.

     Салтанатты жиынға Павлодар облысы әкімінің Әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Оралов Асхат Раздыкович қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, толағай табыстар тіледі.
⠀    Сондай-ақ мектебімізге еңбегі сіңген ардагер ұстаз Жылқыбаев Мақажан Несіпбайұлы барша ұстаздар қауымы мен оқушыларға ақ тілегін жаудырды.
⠀     Жаңа оқу жылы жаңа лепке, жаңа жетістіктер мен толағай табыстарға жетелесін!