Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

     Алтын-ұя мектебіміз 2018-2019 оқу жылының соңғы қоңырау салтанатты жиының "Сыңғырла, соңғы қоңырау!" деп атап, болашақ маман иелерін мектеп қабырғасынан түлетіп ұшырды.
⠀    Салтанатты жиында алдымен мектеп абыройын облыстық, республикалық білім додаларында және түрлі байқауларда үздік атанған мектеп мақтаныштары ортаға шақырылды.
⠀    Кейін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы мен білім беру басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Ибраева Гүлнар Рақымжанқызына құттықтау сөзі берілді.
⠀    Сондай-ақ салтанатты жиын барысында оқу жылын үздік аяқтаған оқушыларға мақтау қағаздары табысталып, биылғы жылдың "Жыл оқушысы" атағы Илимxан Ақеркеге бұйырды.
⠀    Гимназияға деген қимастық сезімімен үлкен өмірге аяқ басып бара жатқан барлық түлектерімізге сәт-сапар тілейміз!