Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Үздіктерді марапаттау рәсімі

     Еліміз бойынша Республикалық қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептер арасында 2 орында тұрған Павлодар облысының Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты осы жылы олимпиада да зор жетістікке жетіп, қатысқан оқушылардың 100% жүлдемен оралған. Осыған орай, мектеп ұжымы Павлодар қаласындағы мәдениет үйінде ұлан-асыр концерт қойып, үздіктерді марапаттау рәсімін өткізді.
⠀    Жиында сөз алған гимназия-интернатының директоры Бақытжан Шайманұлы, мектептің оқушылары, ұстаздары биіктерден көрініп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпардай озып,өздерінің білімді, білікті екенін дәлелдегенін айтып, ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ, оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік ізденіс жұмыстарына баулуда бағыт берген, ғылым негіздерін меңгеруіне жол ашқан, қабілетін жетілдірген, дарындылығын шыңдауда зор үлес қосқан аға-буын өкілдері, педагогика ғылымдарының докторы, профессоры Еңлік Өсербайқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доценті Ольга Александровна, Филология ғылымдарының кандидаты Қуаныш Советұлына, «Желдірме» ақындар мектебінің жетекшісі Асығат Сәулетұлына алғыс хатттарды табыстады. Жиылған қауымға арнайы Иса Байзақов атындағы Облыстық филармониясының солисі Анель Канатова «Бұлбұл» әнін орындап, көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады.
⠀    Салтанатты жиында мектептің жүрегі, ардақты ұстаздар «Білгір бапкер», «Өнерлі ұстаз», «Жаңа белес», «Креативті ұстаз», «Мәртебелі ұстаз» номинациялары бойынша марапатталып, алғысқа кенелді. Мектебінің жалауын биіктен желбіретіп жүрген оқушылар «Шабыт», «Жарқын болашақ», "Алаш арманы" «Ертіс жұлдызы» аталымының иегерлері атанды. Ата –аналар да тыс қалмай, «Мектеп жанашыры» деген атқа ие болды. Оқушылар марапаттау рәсімінен ерекше әсер алып, ұстаздарына шексіз алғыстарын білдірді.