Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

8-сынып оқушыларының тыл ардагері Загайчук Александра Павловнамен кездесуі

 Ерен еңбегімен ел есінде қалған жерлестер есімін келешек ұрпаққа ұмыттырмау мақсатында гимназиямыздың 8-сынып оқушылары тыл ардагері Загайчук Александра Павловнамен кездесті.
⠀Оқушыларымыз ардагеріміздің үйінде қонақта болып, соғыс жылдары басынан өткерген қиындықтары жайлы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, ардагеріміз сөресінде сақталған тариxи суреттерін алып, өткен күнге бір сәт шолу жасады.
⠀Айта кетелік, ардагеріміз биыл 92-ке жасқа аяқ басқан екен. Осы бір жылдар арасында Қазақстанды Отаным деп танып, елдің егемендігі үшін күресті.
⠀Ұлы Отан соғысы жеңісімен құттықтай келген гимназия өрендерін ыстық ықыласпен қарсы алып, болашақтарының жарқын болуына тілекші екенін жеткізді.