Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

День единства народов Казахстана - "Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені" атты кеш

      Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр xалқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Әрі бұл күн, Қазақстан xалқы үшін ең ірі мерекелердің бірі.
⠀    Ыңтымақ мерекесі қарсаңында өскелең ұрпақты елін, жерін сүюге және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға мақсатталған гимназиямызда "Қазақстан - бірлік пен татулықтың мекені" атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші өтті.
⠀    Онда оқушыларымыз жиылған көрермендермен әр ұлттың тілінде сәлемдесіп, Италия, Кавказ, Өзбек елдерінің ұлттық билерін биледі. Бұндай көріністі көрген оқушылар көршілес елдердің де мәдениетіне қызғушылықтарын оятты деп ойлаймыз.