Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ

     Наурыз мейрамы - Орталық Азиядан Балқан елдеріне дейін барша түркі әлемінде ұзақ жылдардан бері тойланып келе жатқан ортақ мереке. Осындай айтулы мереке сәуір айының 24-ші жұлдызында гимназиямызда "Нұр себеле" атты атаумен мектеп ұжымының арасындағы сыйластық, ауызбіршілік қасиеттерінің арқасында өте жоғары деңгейде аталып өтті.
⠀    Мерекеге облыстық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатxанұлы қатысып, ұстаздар мен ата-аналарды Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамымен құттықтады. Сондай-ақ мектебімізге еңбегі сіңген бірқатар ардагер ұстаздарымыз да қонақта болды.
⠀    Айта кетелік, алаңға 15 киіз үй тігіліп, ақ дастарxан жайылып, қазан ошақта ет асылып аман-саулық сұраса келген қонақтарымыз астан дәм татты. Ал, мерекелік көңіл-күйдің көркін мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымының әзірлеген көріністері мен бағдарламасы аша түсті. Кешке жиналған барша меймандарымыз алғыстарын жеткізіп тамаша көңіл күймен үйлеріне тарқасты.