Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

"ХIХ Сәтбаев оқулары" атты ғылыми конференциясы - ХIХ Сатпаевские чтения

     С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдығына орай арналған жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен мектеп оқушыларының "ХIХ Сәтбаев оқулары" атты ғылыми конференциясы өткізілді.
     Академик Қ.И.Сәтбаевтың ғылыми мұрасын белсенді тарату мақсатында ұйымдастырылған конференцияда гимназия оқушылары ғылымға жақын екендерін және де зерттеу жұмыстарын жасауда түрлі эксперимент жасағандарын назарға ұсынды.
     Қ.И.Сәтбаевтың негізгі еңбектерімен ол туралы ғылыми мақала жазып жоғары марапатқа ие болған оқушыларымызды құттықтаймыз. Конференция қорытындысы бойынша:
     1-орын
     Мұxамедxан Адия 10-сынып, Мұxамедxан Алтынай 7"Б"-сыныбы.
     2-орын
     Дәуренбекұлы Рамазан 8"Б"-сыныбы, Төкен Асылxан "7Б"-сыныбы, Сансызбай Сәния 9"А"-сыныбы, Айтмуxаметова Аружан 6"А"-сыныбы.
     Номинация иегерлері: Джаскайратова Даяна 9"Б"-сыныбы, Темірболат Зейнел 9"Б"-сыныбы. Болат Сәнім 11-сынып, Шәкәр Мадина 9"А-сыныбы, Темірболат Аружан 8"А"-сыныбы.