Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 120 жылдық мерейтойына сәйкес гимназиямызда "Тұғыры биік тұлға" атты конференция - Конференция, посвященная К.И.Сатпаеву

     2019 жылғы 10 сәуір күні еліміздің ғұлама геолог-ғалымы көрнекті, қоғам қайраткері академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 120 жылдық мерейтойына сәйкес гимназиямызда "Тұғыры биік тұлға" атты конференция ұйымдастырылды.
     Конференция барысында директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Қасыбаева Майра Бағдатовна қазақ геологының өмірбаянына қысқаша тоқталып, тың деректерімен бөлісті.
     Сондай-ақ Қаныш атамыздың Қазақстан кен орындарының геологиясын, минералдық қорларын жасауда сіңірген еңбектері жайлы баяндамалар оқылды. Қазақтың тұңғыш академигі туралы оқушылардың дайындаған 15 қызықты деректері назарға ұсынылып, түрлі бейнебаяндар мен слайдтар көрсетілді.