Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Внутришкольный конкурс молодых поэтов - "Көмекейден жыр ағылсын" мектепішілік жас жыраулар сайысы

     Бұған дейін xабарлағанымыздай, 5-8 сынып оқушылар арасында "Көмекейден жыр ағылсын" атты 2 кезеңнен тұратын мектепішілік жас жыраулар сайысын жариялаған болатынбыз.
     Бұнда қатысушылар 2 тоқсан бойы қолдарынан кітапты түсірмей, көз майын тауысып жыраулар поэзиясына тереңірек үңілуді көздеді. 1 кезеңнен іріктеліп яғни 2 кезеңде "Батырлар Жырын" жатқа айту оқушыларға міндеттелген болатын.
     Жыр айту барысында шәкірттердің оқу мәнері мен тіл тазалықтары басты назарға алынды. Таңдайына бұлбұл ұялаған жыршылардың шеберлігін мектеп әкімшілігі мен ұстаздары бағалады. Бүгінгі байқау - ұлттық өнердің ақсап тұрған саласы - жыршылықты тірілтудегі істердің тырнақалдысы іспетті. Нәтижесі төмендегідей:
    I Дәрежелі диплом
Рафаилов Бейбарыс 6"Ә"-сыныбы.
     II Дәрежелі диплом
Джумашева Диана 5"Б"-сыныбы, Қали Ақерке 6"Ә"-сыныбы.
     III Дәрежелі диплом
Мақсұтxан Нұрғиса 5"Б"-сыныбы, Хауметxали Айтолқын 6"В"-сыныбы, Аянбек Жанбота 7"А"-сыныбы.