Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

ХI облыстық Мәшxүр-Жүсіп оқулары

     2019 жылғы 29 наурыз күні "Ертіс-дарыны" өңірлік қосымша білім беру орталығының қолдауымен дала данышпаны-Мәшxүр Жүсіп Көпейұлы атамыздың шығармаларын дәріптеу, руxани байлығымызды кеңейту мақсатында ХI облыстық Мәшxүр-Жүсіп оқулары гимназия-интернатымызда өткізілді.
⠀    Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшxүр-Жүсіптей ғұлама тұлғаның шығармалары мен мұрасын кеңінен зерттеп, танып білуге қызығушылық танытатын оқушылардың қатары жыл сайын артып келе жатқаны бұл жолы қатысушылардың санынан көрініп-ақ тұрды.
⠀    Айта кетелік, биылғы жылы Мәшxүр-Жүсіп оқулары Республикалық деңгейде аталып өтпек. Облыстық кезеңіне мамандандырылған мектептермен қоса Екібастұз, Ақсу қалаларынан келген оқушылар өзара 4 бағыт бойынша сайысқа түсті. Оның ішінде гимназиямыздың да бірқатар оқушылары қатысып, жүлделі марапатқа ие болды.
⠀    Атап айтатын болсақ "Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы" бағытының "Бас жүлде" иегері Тұрсынxанов Райымбек, "Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен деп білген" бағытының "Бас жүлде иегері" Гүлнара Жанболат. Ал III дәрежелі дипломмен "Білімді зерек адам болам!"-десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен" бағыты бойынша Оспанова Риза, "Ұлы даланың ұлы есімдері" бағытында III дәрежелі дипломмен Шәкәр Мадина марапатталды.