Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

"Ардақтайық аналарды" атты сайыс

     Оқушылардың сүйікті аналарына деген құрметімен қоса достарына деген сыйластықтарын арттыру мақсатында гимназиямызда 7-10 сынып оқушылары арасында "Ардақтайық аналарды" атты сайыс ұйымдастырылды.
⠀    Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Әр кезең өзіне тән ерекшеліктерге толы болды. Жиылған жұрт "Өнерлі өрге жүзер" сайысында бала мен ана арасындағы әдемі көріністі тамашалап, үй тапсырмасына берілген дастарxан мәзірінен де дәм татты. Ал, "Қыз еркем - кестесімен көркем" сайысында қатысушылардың ою өрнектеу шеберліктеріне баға беріліп, ата-аналардың қыз балаға шаш үлгісін жасаудағы тәжірибелері сарапқа алынды. Сайыс қорытындысы бойынша:
⠀    Бас жүлде Сансызбай Сәния 9"А"-сыныбы.
      1-орын: Мусалимова Малика 8"А"-сыныбы.
      2-орын: Жумаканова Мадина 10-сынып.
      3-орын: Талғат Айзада 7"Ә"-сыныбы. Касенова Даяна 9"Б"-сыныбы.
      Номинация: "Өнерлі жұп" Шамбасова Аружан 7"А"-сыныбы. "Көрікті жұп" Досмағанбетова Айым 8"Б"-сыныбы. "Іздемпаз жұп" Денден Аяулым 7"Б"-сыныбы. "Үлгілі жұп" Кайыртас Сабина 7"В"-сыныбы.
⠀    Анасы мен қызы арасындағы ыстық сезімге толы көріністің куәсі болғанға қуаныштымыз.