Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Х облыстық Маxамбет оқулары

Маxамбет ақынның даңқы мен өлеңдерінің асқақтығын, өміршендігін танытатын кезекті Х облыстық Маxамбет оқулары "Жас дарын" мамандандырылған мектебінде өткізілді. Өз заманының күрескер ақыны атанған бабамыздың жырларымен сусындаған өскелең ұрпақтың болашағынан зор үміт күтуге болады. Облыстық білім басқармасы және "Ертіс дарыны" өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған атаулы жыр додасына Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, облысымыздың 10 ауданы мен мамандандырылған мектептерден 51 оқушы қатысты. Кіл жүйрік жиылған сайыста гимназиямыздың жүйріктері өте жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтатын болсақ "Ел құтқарар ер едім" бөлімі бойынша 6-сынып оқушысы Қали Ақерке 2-орынды иеленсе, "Тартынбай сөйлер асылмын" бөлімінде 10-сынып оқушысы Абдираимов Ерназ 2-орынға лайық деп танылды. Ал, "Ұлы арман" бөлімінің жүлдегері Абдираимов Ердаулет || дәрежелі дипломмен марапатталды. Халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың ержүрек ақыны, Маxамбеттің отты жырларынан руxтанған жеңімпаздарды құттықтаймыз!