Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы

     2019 жылғы 13-16 ақпан аралығында Алматы қаласында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңі "Бөбек" Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығында өткізілген болатын. Ашықтық пен ақиқаттық мақсатында онлайн режимде ұйымдастырылған конкурстың облыстық кезенінің жеңімпазы мектебіміздің мақтанышы Мұxамедxан Адия қатысып, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы атанды. 16 облыстан және республикалық білім беру ұйымдарынан Алматы, Астана, Шымкент қалаларының таңдаулы үздіктері жиылған конкурста облысымыздың байрағын көкке көтеріп, жеңіс сыйлаған оқушымызға ерекше алғысымызды білдіреміз. Адия бұған дейін де бірнеше облыстық, республикалық сайыстарда жүлдегер атанып, гимназия абыройын асқақтатып жүрген оқушыларымыздың бірі және бірегейі деп есептейміз. Бұндай биік шыңдарды бағындыруда ұстаздарымыздың да еңбектерін айта кету керек. Оқушы талантын танып, одан әрі ұштай білетін барша ұстаздарымыздың еңбектеріне жеміс тілейміз.