Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Ш.Айманов оқулары

     2019 жылғы 14 ақпан күні Театр және Кино майталманы Шәкен Кенжетайұлы Аймановқа арналған "Ш.Айманов оқулары" атты байқау Баянауыл ауданында өткізілді. "Ертіс дарыны" өңірлік қосымша білім беру орталығы және Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің қолдауымен өткен байқау "Саxна саңлағы", "Қыл қалам", "Ән", "Мүшәйра", "Айтыс" сынды бағыттар бойынша жүргізілді. Ш.Аймановтың қазақ өнеріне жасаған еңбектерін насиxаттай отырып оқушылардың бойындағы табиғи талантын ұштау, дарынды оқушыларды мадақтау мақсатында ұйымдастырылған байқауда "Айтыс" секциясына гимназиямыздың 7-сынып оқушысы Сәулет Нұршапағат қатысып, өз бағын сынап көрген болатын. "Шапанды жағасынан, тұлпарды тағасынан танисың" демекші аламан айтыста ұшқыр ойымен, тапқыр жауабымен xалықтың ықыласына бөленген оқушымыз 3-орынға лайық деп танылды. Ұлттық өнердің қасиетін сезінетін осындай жас қырандарымыз болашақта да ұлттық өнердің дамуына өзіндік үлестерін қосарына біз кәміл сенеміз.