Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Оқушылардың ойлау қабілеттерін ұштап, ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында "Үш тұғырлы тіл - заман талабы" тақырыбындағы жаратылыстану-математикалық пәндердің апталығында 9-10 сынып оқушылары арасында CLIL тәсілін қамтыған "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік сайысы өткізілді. Сайыс kahoot, көкпар, бәйге сынды 3 кезең арқылы ұйымдастырылды. Смартфон телефондарын пайдалана отырып онлайн режимінде қатысушылар үш тілдегі тапсырмаларды орындау барысында білімдерін сынады. Интеллектуалдық сайыс оқушылардың білімін жетілдіруге, дарынды, озық болуға тәрбиелейді дейді мұғалімдері. "Шын жүйрік шабысынан танылады" демекші ойын нәтижесі бойынша І орынды гимназиямыздың
9 "Б"-сынып оқушысы Касенова Даяна еншілесе, ІІ орынды
9 "А"-сынып оқушысы Саидхан Нұртілеу мен
10-сынып оқушысы Багдатов Абулкаир иеленді.