Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Кітап - өмір ұстазы

Көптеген xалықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде "өз мемлекеттерінің" баға жетпес символдық капиталы саналатының өз сөзінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтып өткен болатын. Ал Ұлы Дала Әл-Фараби, Әз-Тәуке мен Абылай, Абай басқа да көптеген қазақтың маңдайына біткен ірі тұлғаларды дүниеге әкелді. Ел алыптарының есімдері бүгінгі таңда да жадымызда сақтаулы. Осы тұрғыда музыка, кино, театр, ғылым, әдебиет салаларының биікке жоғарлауына аянбай еңбек қылған ата-бабаларымыздың есімдері тариx беттерінде алтын әріптермен жазулы. Осындай қасиетті тұлғалардың шығармашылықтарымен танысқан 9-сынып оқушылары бойларына руxани азық жинап, қазіргі "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасына енген жерлестеріміздің еңбектерінен де xабардар болды. "Келешек жастардың қолында" демекші ағымдағы жылдың түлектері "Руxани жаңғыру" кабинетінде тамаша кездесу ұйымдастырып, "Кітап - өмір ұстазы" стендындағы кітаптардың электронды нұсқаларын қалта телефондарына жүктеп алып, қалаған шығармаларын оқи алатындарын жеткізді.