Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Руxани жаңғыру

Елбасы биылғы жылы жарияланған мақаласында ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту керектігін айтқан болатын. Осы көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін бүгінгі ұрпақ өз ойын ашық айта алатын бәсекеге лайықты болуы маңызды. Осыған орай, мектебіміздегі "Руxани жаңғыру" кабинетінде қазақи ұлттық болмысты сақтауға, әдеби сауатты болуға бағыттайтын түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ұлттық дәстүр, салт-сана, тариx пен тағылым сынды ауқымды тақырыптарды бір арнаға түйістірген кабинетпен бұл жолы 8 "Б"-сынып оқушылары танысты. Өзіміз білетіндей туған жердің тасын түртсек болғаны қаншама тариxтын шығатыны бізге мәлім. Осы ретте Дәуренбекұлы Рамазан Ертіс-Баян өңірінің қасиетті жерлерімен оқушыларды таныстырып, Павлодар облысына ұсынылған 100 кітаптың тізімін мобильді қосымшалар арқылы электронды нұсқада оқуға болатыны жайлы да ақпараттандырды.