Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Бағдарламалау бойынша VIII жасөспірімдер олимпиадасы

Бағдарламалау бойынша VIII жасөспірімдер олимпиадасы

2019 жылы 1 ақпанда "Білім-инновация" лицей-интернатында жас бағдарламалаушылар сайысы өткізілген болатын. Бағдарламалау бойынша VIII рет ұйымдастырылып отырған облыстық жасөспірімдер олимпиадасына 29 оқушы қатысты. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге бейімі бар әрі қызығушылығы мол дарынды оқушыларды анықтау мақсатында өткізілетін олимпиадаға гимназия-интернатымыздың 8"А"-сынып оқушысы Қаббар Ақдаулет қатысып, ІІІ орынға лайық деп танылды. Қазіргі таңда "Информатика" пәнін оқыту бағдарламасының тек компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру шеңберінде ғана құрылуы жеткіліксіз. Мектеп бағдарламасынан бөлек өз бетінше логикалық қабілеттерін пайдаланып, қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып жобалау және бағдарламалау теxнологиясы туралы түсінік қалыптастыру қажет. Осындай көп ерен еңбекті талап ететін олимпиадалық сайыстан мектеп абыройын асқақтатқан оқушымызға алғысымызды білдіреміз.

 


 

 

В лицее-интернате «Білім-инновация» для одаренных юношей 1 февраля 2019 года состоялась VIII областная юниорская олимпиада по программированию, в которой участвовали 29 школьников области. По итогам олимпиады ІІІ  место занял наш ученик Каббар Ақдәулет, ученик 8-класса. В настоящее время программа обучения информатики включает в себя не только формирование компьютерной грамотности, но и примнимая во внимание сособенноти восприятия, логические способности учащегося, обчение основам компьютерного программирования. Мы выражаем благодарность нашему ученику, проделавшему такую огромную работу в олимпиаде и защитившему честь нашей гимназии.