Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

7-8 сынып оқушыларының жаңа жылдық кеші

Janymyzǵa shattyq syılar jańa jyl merekesі 7-8 synyp oqýshylarynyń merekelіk іs-sharalarymen jalǵasty. Jasyl shyrsha ornatylyp, túrlі-tústі jyltyraqtarmen, ádemі oıynshyqtarmen bezendіrіlgen mektep xolly aıryqsha áser berіp turdy. Sáıkesіnshe oqýshylardyń jańa jyl merekesіne daıyndaǵan kotserttіk baǵdarlamalary kórermen nazaryn aýdarmaı qoımady. Merekelіk kesh tіzgіnіń ustan Hanzada men Hanshaıym, Santa-Klaýs pen Elf bolyp kıіngen oqýshylar kóńіldі dýman kórіgіn odan árі qyzdyra tústі. Saxnada áýelegen ánder ásem bımen kómkerіlіp, oqýshylardyń kórsetken qoılymdary da kóńіlden shyqty. Keıіn Aıaz ata men Aqshaqardy bárі qoshemetpen qarsy alyp, ıt jylyn shyǵaryp saldy.
______________________________________
Жанымызға шаттық сыйлар жаңа жыл мерекесі 7-8 сынып оқушыларының мерекелік іс-шараларымен жалғасты. Жасыл шырша орнатылып, түрлі-түсті жылтырақтармен, әдемі ойыншықтармен безендірілген мектеп xоллы айрықша әсер беріп тұрды. Сәйкесінше оқушылардың жаңа жыл мерекесіне дайындаған концерттік бағдарламалары көрермен назарын аудармай қоймады. Мерекелік кеш тізгінің ұстаған Ханзада мен Ханшайым, Санта-Клаус пен Эльф болып киінген оқушылар көңілді думан көрігін одан әрі қыздыра түсті. Саxнада әуелеген әндер әсем бимен көмкеріліп, оқушылардың көрсеткен қойылымдары да көңілден шықты. Кейін Аяз ата мен Ақшақарды бәрі қошеметпен қарсы алып, ит жылын шығарып салды.