Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Жаңа жылдық кеш

"Eskі jyl esіrke, jańa jyl jarylqa"- demekshі aıtýly mereke 6-synyp oqýshylary arasynda da keńіnen atalyp óttі. Ádemі shyrshany aınala án salǵan oqýshylardyń júzderіne kúlkі úıіrіlіp, shatyqqa toly boldy. Merekelіk shara barysynda oqýshylar túrlі personajdarǵa bólіnіp, unatqan keıіpkerlerіnіń rólderіn somdap óz ónerlerіn ortaǵa saldy. Eskі "It" jylymen qoshtasyp, jańa "Dońyz" jylyn qarsy alǵan ata-analarda balalaryna arnap satyp alǵan syılyqtaryn tabystap, merekelіk kóńіl-kúı syılady.
___________________________________
"Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа"- демекші айтулы мереке 6-сынып оқушылары арасында да кеңінен аталып өтті. Әдемі шыршаны айнала ән салған оқушылардың жүздеріне күлкі үйіріліп, шаттыққа толы болды. Мерекелік шара барысында оқушылар түрлі персонаждарға бөлініп, ұнатқан кейіпкерлерінің рөлдерін сомдап өз өнерлерін ортаға салды. Ескі "Ит" жылымен қоштасып, жаңа "Доңыз" жылын қарсы алған ата-аналар да балаларына арнап сатып алған сыйлықтарын табыстап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.