Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

5-сынып оқушылары арасындағы Жаңа жылдық ертеңгілік

Jańa jyl - eń qyzyqty da, qýanyshty mereke! Qaı bala bolmasyn Jańa jyldy asyǵa kútedі. Jyltyraýyqqa oranǵan ǵajaıyp shyrshaǵa, Aıaz ata men Aqshaqar qyzǵa senedі. Mіne, osyndaı Jańa jyldyq erteńgіlіk gımnazııamyzdyń 5-synyp oqýshylary arasynda kóńіldі óttі. Alǵashqy quttyqtaý sózі mektep dırektory Omarov Baqytjan Shaımanulyna berіldі. Óz kezegіnde mektep dırektory oqýshylardy kelіp jetken jańa jyl merekesіmen quttyqtap, jyly lebіzіn jetkіzdі. Mereke qarsańynda mektep xolly ásem bezendіrіlіp, jasyl shyrsha qurylyp, jańa jyldyq oıynshyqtarmen bezendіrіlgen. Merekelіk baǵdarlama barysynda jańa jyldyq kórіnіster qoıylyp, oqýshylar túrlі qoıylymdardy tamashalady. Shara kotserttіk baǵdarlamamen árlenіp, kelgen ata-analarǵa erekshe áser syılady. Oqýshylar jańa jyl keshіne synyp bolyp jaqsy daıyndalǵan eken. Kesh sońynda syılyqsyz qalǵan bala bolǵan joq. Barlyq balalarǵa syılyqtar taratyldy. Merekelіk naqyshta ádemі kostıým kıgen oqýshylar erekshe kózge túsіp Aıaz ata men Aqshaqardyń táttі, dámdі kámpıtterіn syıǵa aldy. Kіrіp kelgen jańa dońyz jyly barlyq tіrshіlіk ıelerіne jańa úmіt, maxabbat syılasyn.
___________________________
Жаңа жыл - ең қызықты да, қуанышты мереке! Қай бала болмасын Жаңа жылды асыға күтеді. Жылтырауыққа оранған ғажайып шыршаға, Аяз ата мен Ақшақар қызға сенеді. Міне, осындай Жаңа жылдық ертеңгілік гимназиямыздың 5-сынып оқушылары арасында көңілді өтті. Алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Омаров Бақытжан Шайманұлына берілді. Өз кезегінде мектеп директоры оқушыларды келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жеткіздi. Мереке қарсаңында мектеп xоллы әсем безендіріліп, жасыл шырша құрылып, жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, оқушылар түрлі қойылымдарды тамашалады. Шара коцерттік бағдарламамен әрленіп, келген ата-аналарға ерекше әсер сыйлады. Оқушылар жаңа жыл кешіне сынып болып жақсы дайындалған екен. Кеш соңында сыйлықсыз қалған бала болған жоқ. Барлық балаларға сыйлықтар таратылды. Мерекелік нақышта әдемі костюм киген оқушылар ерекше көзге түсіп Аяз ата мен Ақшақардың тәтті, дәмді кәмпиттерін сыйға алды.