Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

"Көмекейден жыр ағылсын" атты жас жыраулар сайысы

     Buǵan deıіn xabarlaǵanymyzdaı, 5-8 synyp oqýshylar arasynda "Kómekeıden jyr aǵylsyn" atty 2-kezeńnen turatyn jas jyraýlar saıysyn jarııalaǵan bolatynbyz. Bunda qatysýshylar berіlgen jyraýlardyń tolǵaýlaryn múdіrmeı jatqa aıtýy mіndettelgen. Tolǵaý aıtý barysynda shákіrtterdіń oqý mánerі men tіl tazalyqtary basty nazarǵa alyndy. Baıqaýda ár synyptyń jyr dúldіlderі baq synasty. Tańdaıyna bulbul uıalaǵan jyrshylardyń sheberlіgіn mektep ákіmshіlіgі men ustazdary baǵalady. Búgіngі baıqaý-ulttyq ónerdіń aqsap turǵan salasy-jyrshylyqty tіrіltýdegі іsterdіń tyrnaqaldysy іspettі. Mundaı sharalar arqyly óleńge, ónerge beıіm talanttardy іrіktep, talaptaryn jetіldіrіp jyrshylyq dástúrdі qaıta jańǵyrtpaqpyz.
______________________________________
     Бұған дейін xабарлағанымыздай, 5-8 сынып оқушылар арасында "Көмекейден жыр ағылсын" атты 2-кезеңнен тұратын жас жыраулар сайысын жариялаған болатынбыз. Осыған орай бүгін
     1-кезең бойынша іріктеу туры өткізілді.Бұнда қатысушылар берілген жыраулардың толғауларын мүдірмей жатқа айтуы міндеттелген. Толғау айту барысында шәкірттердің оқу мәнері мен тіл тазалықтары басты назарға алынды. Байқауда әр сыныптың жыр дүлділдері бақ сынасты. Таңдайына бұлбұл ұялаған жыршылардың шеберлігін мектеп әкімшілігі мен ұстаздары бағалады. Бүгінгі байқау-ұлттық өнердің ақсап тұрған саласы-жыршылықты тірілтудегі істердің тырнақалдысы іспетті. Мұндай шаралар арқылы өлеңге, өнерге бейім таланттарды іріктеп, талаптарын жетілдіріп жыршылық дәстүрді қайта жаңғыртпақпыз.