Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Алатау абыройды асқақтатты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру" атты мақаласы аясында Алматы қаласы Жазушылар одағы ғимаратында республикалық "Туған жерге туыңды тік" атты жас ақындар мен көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен сөз қадірін білетін жастарды жинаған сайыста Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ-гимназия интернатының 10-сынып оқушысы Абдираимов Ерназ "Жас ақын" номинациясы бойынша 1-орын, көркемсөз оқу шеберлері номинациясында 11-сынып оқушысы Оразбай Марлен БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды. Жарыстың негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың бойында туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Сол арқылы келешекте өзінің өскен өңірінің дамуына қолдау көрсететін нағыз патриот жастарды тәрбиелеу. Жас ұрпақтың бойындағы ақындық, көркемсөз оқу сынды қабілеттерін дамыту.
_________________________
Байқауға "Алтын тобылғы" сыйлығының иегері Мақпал Мыса, "Тәуелсіз ел жастары" қоғамдық қорының төрағасы Бауыржан Айткаримов, танымал актер Әсет Иманғалиев, журналист-блогер Бауыржан Карипов, сөз шебері Жарқын Сәленұлы әділқазылық жасаса, марапаттау рәсіміне Жазушылар одағы төраға орынбасары Бақыт Беделxан мен ұлт жанашыры Бекжан Тұрыс қатысты. Қазылар алқасы өлеңді оқу мәнеріне, xалыққа жеткізу шеберлігі мен актерлік қабілетіне, киіну және саxнада өзін ұстау мәдениетіне мән берді. Жарыста Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстары және Алматы, Шымкент қалаларынан жалпы 100-ден аса талант иелері қатысты. Тұлпардай тулаған талантты оқушыларды қолдаған "Шаңырақ" орталығы мен гимназиямызға алғыс білдіреміз.