Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

Ұстаздар мерекесі

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
________________________________
Құрметті ата-аналар, оқырмандар!
Біз бүгін Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатымыздың ұстаздар қауымын алда келе жатқан ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтап жұмыстарына жеміс, шәкірттеріне толағай табыстар тілегіміз келеді.
___________________________
Әрине, ұстаз жүгі-ауыр жүк. Сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам-МҰҒАЛІМ.
______________________________
Құттықтаймыз!Құттықтаймыз!