Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

V аймақтық жас математиктердің турнирі «Математикалық шайқас» жарысы

     2018 жылғы 15-19 қаңтар  аралығында  Павлодар қаласында облыстық білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен V аймақтық жас математиктердің турнирі «Математикалық шайқас» жарысы өткізілді. Павлодар облысының «Жалын» командасы  екінші  лигада Құрмет грамотасымен марапатталды. Команда құрамында мектебіміздің 8 «а»-сынып оқушылары Болат Диас, Хуанхан Нұрсерік, 7 «б»-сынып оқушысы Аянбек Жанболат бар. Сонымен қатар осы екінші лигада Болат Диас «Үздік баяндамашы» номинациясын иеленді.

     Күрделі математикалық есептерді шығаруда алғырлық танытқан оқушыларымызды жеңісімен құттықтаймыз. Болашақта алар асулары биік болуына тілектеспіз.