Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

5-6-сынып оқушыларына арналған VI облыстық кешенді олимпиада

     2017 жылы 30 қарашада мектебімізде 5-6-сынып оқушыларына арналған VI облыстық кешенді олимпиада өтті. Олимпиадаға облысымыздың 144 оқушысы қатысты.

     Олимпиадада математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын анықтауда кешенді және құрылымдық тапсырмалар орындау, дұрыс дәйектелген математикалық ой-пікірлерін айта білу, қоршаған әлемді түсінуге қажетті қорытынды жасау, білімді тәжірибеге айналдыру сияқты біліктіліктер таразыға салынды. Олимпиада қорытындысы бойынша мектебімізден қатысқан оқушылардың ішінде 6 «б»-сынып оқушысы Қанатұлы Даниял(жетекшісі Булатов Данияр Ардакович) – І орын, 6«ә»-сынып оқушысы Суюндыков Марғұлан(жетекшісі Назриденов Серик Назриденович)  – ІІ орын, 6«ә»-сынып оқушысы Мушкин Саят (жетекшісі Каиржанова Арайлым Ерболовна), 5 «а»-сынып Мүбәрак Мансұр(жетекшісі Танатова Айнагуль Сарсенбаевна), 6 «а»-сынып оқушысы Нугманов Данат (жетекшісі Булатов Данияр Ардакович)  – ІІІ орын жеңімпаздары атанды.

     Жүлдегер оқушыларымызды және аталған жас мұғалімдерімізді жеңістерімен құттықтаймыз. Алда алар асулар мен шығар белестер көп болсын.