Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

«ХVII Сәтпаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

     12 сәуірде  жас ғалымдар, студенттер мен мектеп оқушыларының  «ХVII Сәтпаев оқулары»  атты Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференциясы болып өтті.  Аталмыш  ғылым сайысында  мектебіміздің 8 «а»-сынып оқушысы  Мұхаметқан Әдия мен 9 «б»-сынып оқушысы Муслимова Лана 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал, 7 «б»- сынып оқушысы Уәлихан Мерейлім және  6 «а»-сынып оқушысы Каримов Мансур, 7 «а»-сынып оқушысы Каримов Мамыржан 3 дәрежелі диплом иегерлері  атанды. Жүлдегер шәкірттерімізді құттықтай келе,  ғылым көкжиегінен көріне беріңдер демекпіз!