Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

«Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсының облыстық кезеңі

     2016 жылдың 4 қарашасында Павлодар қаласының № 25 мектебінде дарынды және талантты балаларды іріктеу және оларға қолдау көрсету мақсатында 1‑7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XII республикалық зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Зерттеу жұмыстарымен айналысатын белсенді оқушылардың саны жыл санап артуда. «Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер», – демекші әр мұғалімнің басты міндеті – сыныптағы оқушылардың басым бөлігін ғылыми зерттеу жұмыстарына тартып, қызығушылықтарын арттыру. Зерттеу жұмыстары  8 секциялар бойынша қорғалды: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, математика, информатика, физика, техника, медицина, психология, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, химия, биология, экология, валеология. Жоғарғы рейтинг көрсеткен мектептердің арасында мектебіміздің көш басында тұрғаны қуантарлық жайт. Мектебіміздің намысын қорғап, жүлдемен оралған 7-сынып оқушылары Құрманбай Назерке, Дауенова Дильназ II орын (жетекшісі: Окпина Б.М), 7-сынып оқушысы Ибраева Томирис II орын (жетекшісі: Бекенова К.К.), 7-сынып оқушысы Уалихан Мерейлім II орын (жетекшісі: Жангабулова Ж.Е.), 6-сынып оқушысы Аянбек Жанболат III орын (жетекшісі: Ергалиева М.С.), 6-сынып оқушылары Каббар Ақдаулет, Раманкулов Ильяс III орын (жетекшісі: Сарсенов Т.М.), 6-сынып оқушысы Дюсенбекова Аяулым, Олжатай Нұрсая II орын (жетекшісі: Мұхтар Д.Б.),  Люлят Ескендір ІІ орын (жетекшісі: Мұхтар Д.Б.), Асаинов Ернұр, Сейілханов Рахат ІІ орын (жетекшісі: Букурова С.Б.) иеленген  оқушыларымыз бен жетекшілік еткен ұстаздарымызды мерейлі жеңістерімен құттықтаймыз! Ғылым теңізіндегі қайықтарыңыз ұзағынан жүзе берсін деп тілек білдіреміз!