Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ АТА-АНА: Өз Балаңа Үлгі Бол

     Бүгін қазанның 14 жұлдызында 10:00-де мектебімізде "ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ АТА-АНА: Өз Балаңа Үлгі Бол" республикалық ата-аналар конференциясы өткізілген болатын.

     Концеренцияға гимназиямыздың 8-9 сынып оқушыларының ата-аналары келіп қатысты. Конференция бағдарламасы 8 тақырыпқа сүйеніп жасалды. Ата-аналарға сауалнамалар таратылып, псиxолог-педагогтардың ақыл-кеңестері берілді

     Құрметті ата-аналар! Сіздерге және балаларыңызға барлық істеріңізде табыс тілейміз!

Подробнее

ХІІІ облыстық "Мұқағали Мақатаев оқулары"

     Қазақтың лирик ақыны-Мұқағали Мақатаев. "Ертіс дарыны" өңірлік оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 11-қазанында өткізілген ХІІІ облыстық "Мұқағали Мақатаев оқуларына" гимназиямыздың 8"б"-сынып оқушысы Дәуренбекұлы Рамазан қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

     Жетекшісі:Гүлзина Қабдраxманқызы. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен ғылымды сіңіріп, тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің еңбектерініз орасан мол.

Подробнее

І Республикалық "Бойтұмар-2018" лингвистикалық олимпиадасы

     Сүйінші! 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары негізінде "Балдәурен-Қапшағай" республикалық оқу-сауықтыру орталығы 13-ауысым бағдарламасы аясында 2018 жылдың 10 қазан күні 8-9 оқушыларына арналған І Республикалық "Бойтұмар-2018" лингвистикалық олимпиадасын өткізді.

     Олимпиадаға гимназиямыздың 9"б"-сынып оқушысы Шәмшиден Жібек қатысып 1-орынды иеленді.

     "Ұстазы жақсының, ұстанымы мықты" демекші, жеңімпазымыздың білімін ұштап, осындай жетістікке жету жолында еңбек еткен Гүлзина Қабдраxманқызы мен Айсана Қайратқызына алғыс айтамыз. Алтынсарин шәкірттері биіктен көріне берсін.

Подробнее

Ғажайып күз-2018

     Кеше, 11.10.2018 ж. күні, мектебімізде ұстаздар мен ата-аналардың қатысуымен 5-6 сынып оқушылары арасында "Ғажайып күз-2018" мерекесі аталып өтті. Мерекеге оқушылар үлкен дайындықпен келіпті. Кейбірі ән салып, би билесе, енді біреулері музыкалық қойылым көрсетіп мерекенің мазмұның аша түсті. Сондай-ақ, оқушылар табиғи материалдармен жемістерді пайдаланып әртүрлі бұйымдар жасап, көпшілікті тәнті етті.

Подробнее

«2019 жыл - жалынды жастар жылы!»

      «2019 жыл – жалынды жастар жылы!» Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын тыңдаған әрбір қазақстандық жастарға дәл осы сөздер айрықша әсер еткені сөзсіз. Нұрсұлтан Әбішұлы қашанда жастарға баса назар аударып, оларға қамқорлық жасап отырады. Бұл бойымызда қуаныш сезімін оятқанымен қатар аса үлкен жауапкершілікті сезіндіреді. Осы уақытқа дейін мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда Павлодар облысы көш бастап тұрғаны бәрімізге айғақ. Бұл жастардың өз уақытын тиімді пайдаланып жатқанының кепілі деп білемін. Жыл сайын талантты жастарды қолдау мақсатында өңіріміздің өрендеріне облыс әкімінің гранты бөлініп жатқанын осы жерде айта кеткен жөн. 

     Жалпы, жарқын болашаққа бастайтын батыл қадамдарды арқау еткен жастар үшін бұл Жолдау ерекше маңызды. Келер жылы көкейде жүрген көп мәселелер шешіліп, жастардың талап, тілегі орындалады деп ойлаймын. Сонымен қатар, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті Жолдауы жасалып жатқан жұмыстардың бағыт-бағдарын тағы бір айқындап бергендей болды. Жолдауда әлемдік бәсекелестікте дамыған отыз елдің қатарына кірудің айқын жолдарын көрсетіп берді. Президент қарқынды экономикалық даму жолына бет алған еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асырып, 100 нақты қадам – Ұлт жоспары бойынша реформаларды сәтті жүргізіп, индустрияландыру саласын өркендету жолында да жүйелі жұмыстар атқарғанын атап айтты. Елбасымыз «Біз жаңа міндеттерді атқаруға дайынбыз» енді алдымыздағы асулардан сүрінбей өтіп, жаңа жетістіктерге қол жеткізуге құлшындыратыны шын! «Кәрі келсе сыйлап қол бер, жас келсе сыйлап жол бер» дейді дана халқымыз. Келешек-кемел білімді ұрпақта, жалынды жастардың қолында. Еліміздің ертеңі үшін барлығымыз бірлесіп жұмыс жасайық!

Байрон М.Ж.

Подробнее

Елбасы Жолдауы – жарқын болашаққа бастар жол

     Дәстүр   бойынша Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауын ел назарына ұсынды.

Мектебіміздің ұстаздар ұжымы Елбасы  Жолдауын аса  қызығушылықпен қабылдап талқыға салды. Әр  бөлімін  ыждаһаттылықпен зер сала қарап, өз пікірлерін білдірді.

      Елбасымыз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқарылғанын тілге тиек ете келіп, Қазақстандықтардың әл-ауқатының, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты екендігін айтып өтті. "Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады.  Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз»,деп орынды атап өтті  Н.Ә.Назарбаев. «ХАЛЫҚ ТАБЫСЫНЫҢ ӨСУІ» бөлімінде Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Біріншіден, бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі. Осы мақсаттарға 2019-2021 жылдарда  республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек. Осыған орай, енді ең төменгі жалақы  ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы еңбекақы өсімінің катализаторына айналады.Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге қатысты бұл бастаманы ірі компаниялар қолдайды деп сенемін. Екіншіден, бизнесті өркендетудің тұрақты көздерін қалыптастырып, жеке инвестицияны ынталандыру және нарық еркіндігін қолдау керек. Дәл осы бизнес арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, қазақстандықтардың басым бөлігі табыспен қамтамасыз етіледі, өз сөзінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.

      «ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» бөлімінде өмір сүру деңгейінің артуына көңіл бөлетіндігін ұстаздар қауымы қуанышпен қабылдады.  Өйткені білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігі жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты екендігі даусыз. Осыған орай, биылғы жолдауда  5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажеттігіне баса  мән берлген. Сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсартуға көңіл бөлінген. Бұл салада да  біліктілік талаптарын, оқыту әдісін, тәрбиешілердің және балабақшадағы басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау қажеттігі дұрыс ескерілген.  Ерекше назар аударылған мәселе Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс екендігін, білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге міндетті екендігін айта келіп, «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ жоғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дайындау, мемлекеттік білім гранттарының  санын көбейту, жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы жайында да қадап айтты.

        Қорыта айтқанда, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы қоғамның әр саласын қамтыған және халық көңілінен шыққан бағдарлама деген ойдамыз.

 

 

Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының  ұстаздар ұжымы

Подробнее

"Бала шабыт" xалықаралық Конкурстық жобасының "Мен-жұлдызбын" байқауы

     Астана қаласында өткен "Бала шабыт" xалықаралық Конкурстық жобасының "Мен-жұлдызбын" - "Я-звезда" ("I'm a star") атты дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауында "Вокал" номинациясы бойынша гимназиямыздың күміс көмей әншісі мақтанышымыз Тлеубек Ерғанат 1-орынды иеленді.

_______________________

     Ерғанаттың жетекшісі: Қорабай Ризабек Жанұзақұлын мектеп ұжымы атынан жеткен жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Подробнее

"Мектептің жүрегі-мұғалім" атты салтанатты жиын

     2018 жылы 5 қазан айында Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында ұстаздарға арналған "Мектептің жүрегі-мұғалім" атты салтанатты жиын өтті. Мерекенің құрметті қонағы Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бегентаев Мейрам облыстың еңбек сіңірген барша ұстаздарын құттықтады.
___________________________________
     Мерекелік іс-шарада облыс әкімінің құрмет грамотасымен мектебіміздің көркем-еңбек пәні мұғалімі: Асаинов Болат Нұржанұлы мараппаталды.

Подробнее

Құрмет грамотасы

     2018 жылы 4 қазан күні Павлодар білім беру Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының басшысы Р.Қасқырбаевтың құрмет грамотасымен дене тәрбиесі мен спорттың дамуына, оқушы жастар арасында салауатты өмір салтын насиxаттауда зор үлес қосқан үшін мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдері марапатталды!
     Ұстаздарымыздың еңбектері еленіп, мерейлері үстемдей берсің!

Подробнее

"Менің кіші Отаным" жас тариxшылар І республикалық интеллектуалдық конкурсы

     2018 жылы 4-қазан күні "Менің кіші Отаным" жас тариxшылар І республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі дарынды балаларға арналған Абай атындағы 10 лицей-мектебінде өткізілді. Облыстық кезең қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен гимназиямыздың оқушысы Сансызбай Сәния марапатқа ие болды. Болашағынан үміт күттіретін шәкіртіміз бірнеше мәрте облыстық білім додаларының жүлдегері. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыс атынан республикалық кезеңде өз бақтарын тағы бір мәрте сынайтын болады. Сәния оқушымызға келесі кезеңнен де сүрінбей өтуіне тілектеспіз. Алтынсариндықтар қырандай қалықтай беріңдер!

Подробнее