Областная казахская гимназия-интернат

для одаренных детей им. И. Алтынсарина

Қаз Рус

ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР САЙЫСЫ

ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР САЙЫСЫ

   Желтоқсанның 7-күні №16 мектеп-лицейінде ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңі өткен болатын. Мектебімізден 8-11-сынып оқушылары қатысып, айтарлықтар нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтсақ, 11-сынып оқушысы Дәкен Жаңыл «қоршаған ортаны қорғау» секциясы бойынша I дәрежелі (ғыл.жетекшісі:Асанова Ш.Ж.), 9-сынып оқушылары Бейсенова Жансая мен Оразхан Әйгерім «тіл білімі» секциясы бойынша I дәрежелі(ғыл.жетекшісі:Байдарбесова Қ.М.), 11-сынып оқушысы Айткенова Даяна «физика» секциясы бойынша II дәрежелі (ғыл.жетекшісі: Нурдильдина Р.Р.), 10-сынып оқушысы Сарсембаева Айдана «қоршаған ортаны қорғау» секциясы бойынша II дәрежелі (ғыл.жетекшісі: Абдыкаримова Р.М.), 11-сынып оқушысы Казембекова Мадина «биология» секциясы бойынша II дәрежелі (ғыл.жетекшісі: Асанова Ш.Ж.), 10,9-сынып оқушылары Көбеш Наргиз, Олжатаев  Қуаныш «құқық негіздері» секциясы бойынша II дәрежелі (ғыл.жетекшісі: Мұхтар Д.Б.), 8-сынып оқушысы Изюмская Жанна «тіл білімі» секциясы бойынша II дәрежелі (ғыл.жетекшісі: Мұхаметжанова Р.Ж..), 8-сынып оқушысы Наурызбай Гүлмәркен «тіл білімі» секциясы бойынша  II дәрежелі (ғыл.жетекшісі: Аубакирова Д.Қ.), 10-сынып оқушысы Иранова Динара  «тіл білімі» секциясы бойынша III дәрежелі(ғыл.жетекшісі: Байдарбесова Қ.М.), 9-сынып оқушылары Касымова Дильназ, Мұхамедиева Инара «тіл білімі» секциясы бойынша II дәрежелі (ғыл.жетекшісі: Жангабулова Ж.Е.), 8-сынып оқушысы Илимхан Ақерке «тіл білімі» секциясы бойынша III дәрежелі (ғыл.жетекшісі: Абаева А.Т.), 10-сынып оқушысы Смаилова Гульден «тарих» секциясы бойынша III дәрежелі (ғыл.жетекшісі: Кәрімжан Ж.Т.),  11-сынып оқушысы Узканова Диана «биология» секциясы бойынша III дәрежелі (ғыл.жетекшісі: нажмиденова А.К,), 9-сынып оқушысы Сағдат Жансая «қоршаған ортаны қорғау» секциясы бойынша III дәрежелі (ғыл.жетекшісі: Асанова Ш.Ж.), 11-сынып оқушысыЖүсіп Мүбарак «физика» секциясы бойынша III дәрежелі (ғыл.жетекшісі: Нурдильдина Р.Р.), 11-сынып оқушысыМусина Ақмарал «физика» секциясы бойынша III дәрежелі (ғыл.жетекшісі: Оразбаева К.К), 11-сынып оқушысыСайран Рашида «техника» секциясы бойынша III дәрежелі (ғыл.жетекшісі: Нурдильдина Р.Р.) дипломдармен марапатталды. Барлық жеңімпаздар мен ғылыми жетекшілерін құттықтаймыз! «Ұстазы пейілді болса, шәкірті зейінді» болар демекші, алдағы пәндік тестілеуден сүрінбей өтіп, республикалық кезеңде жұлдыздарыңыз жансын деген тілек білдіреміз!